06.06.2008, 10:09 1456

"Арселор Миттал" компаниясы Теміртау өндірісін дамыту және жаңарту концепциясын жасап шығарды

"Арселор Миттал" компаниясы Теміртау өндірісін дамыту және жаңарту концепциясын жасап шығарды

Астана. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Арселор Миттал" компаниясы Теміртау қаласындағы қазіргі өндірісті дамыту және жаңарту концепциясын жасап шығарды. Оның нәтижесі ретінде болат өндірісін жылына 10 млн тонналық межеге жеткізу болмақ. Бұл туралы кеше ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған екіжақты кездесу барысында "Арселор Миттал" компаниясының жетекшісі Лакшми Миттал мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бұл концепцияны жүзеге асыру біздің Қазақстан алдында алан міндеттемелерімізді растайды. Оның нәтижесі ретінде металлургия және тау-кен өндірісі саласында әлемдік стандарттарды енгізу болмақ", - деді Л. Миттал.

Екіжақты кездесу аяқталғаннан кейін таратылған баспасөз-релизінде хабарланғандай, болат өндірісін жылына 10 млн тонналық деңгейге жеткізуден бөлек бұл концепция металлургия комбинатының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көмір мен темір кенінің өндірісін ұлғайтуды көздейді.

"Бұл концепцияны Нұрұлтан Назарбаев оң бағалады", - деп атап көрсетілген баспасөз-релизінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны