22.12.2022, 11:15 32286

"АрселорМиттал Теміртауға" салықтық бұзушылықтар үшін 1,3 млрд теңге айыппұл салынды

2017 жылы камералдық мониторинг жүргізу кезінде корпоративтік табыс салығы бойынша нақты есептелген салықтан аванстық төлемдер сомасын төмендету белгіленді
"АрселорМиттал Теміртауға" салықтық бұзушылықтар үшін 1,3 млрд теңге айыппұл салынды
Қарағанды. 22 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Аванстық төлемдер сомасын төмендетуді Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ірі салық төлеушілерге қатысты жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру шеңберінде анықтады, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

2017 жылы камералдық мониторинг жүргізу кезінде корпоративтік табыс салығы бойынша нақты есептелген салықтан аванстық төлемдер сомасын төмендету белгіленді.

Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-тармағы бойынша 1,3 млрд.теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл сомасына әкімшілік материал жасалды. Материалдар әкімшілік сотқа берілді.

21.12.2022 жылы Қарағанды облыстық соты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ апелляциялық шағымын қарау шеңберінде Қарағанды облысының МКД дәлелдерін қолдады және әкімшілік айыппұл күшінде қалды.

Бұған дейін экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін "АрселорМитал Теміртауға" 6 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, "АрселорМиттал Теміртауда" жұмыскерлердің қаза болуына әкеп соққан жазатайым оқиғалардан кейін кәсіпорынның жұмысына Қазақстан аумағында тыйым салынуы мүмкін.

3 қарашада сағат 03.03-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті Ленин атындағы шахтада газды дренаж ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде кенеттен газ бөлінді. Авариялық учаскеде болған бес адам қайтыс болды.

8 желтоқсан күні "АрселорМиттал Теміртау" АҚ болат департаментінде оқыс оқиға болды. 1982 жылы туған газшы қайтыс болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2006 жылдан бері кәсіпорында 20-дан астам апат орын алып, еліміздің 100-ден астам азаматының өмірін қиды.

ҚР Премьер-Министрі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы елеулі кемшіліктерін атап көрсетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны