10.05.2012, 11:47 3117

"Арселормиттал теміртау" компаниясының №2 домна пеші алғашқы шойын берді

27 сәуір күні таңертең сағат 11.40-та екінші домна пешін қыздыру сынағы өтті. 28 сәуірде балқытылған қорытпаның бастапқы легі, ал 4 мамырда алғашқы шойынның өзі алынды.

Астана. 10-мамыр. Kazakhstan Today - "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қосылған нысандарының бірі - №2 домна пеші алғашқы шойын берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

27 сәуір күні таңертең сағат 11.40-та екінші домна пешін қыздыру сынағы өтті. 28 сәуірде балқытылған қорытпаның бастапқы легі, ал 4 мамырда алғашқы шойынның өзі алынды.

"Бұл - біздің комбинаттағы бүкіл домна пеші өндірісін қайта жаңғыртудың бірінші сатысы, болат балқыту көлемін 6 млн. тоннаға дейін арттырудағы аса ірі ауқымды жобадағы алғашқы қадам", - деді "АрселорМиттал Темітау" АҚ өндіріс жөніндегі аға директоры Виктор Адякин.

Салтанатты жағдайда жобаның барлық қатысушыларына естелік сағаттары және шойынның алғашқы үлгісі табыс етілді.

Біз үшін бұл ерекше оқиға. Металлургтерде мынадай ырым бар, егер алғашқы шойын ойдағыдай алынса, келешекте пештің де жұмысы сыр бермейді", - дейді металлург Павел Люлякин.

Жаңарған домна пешінде 98 адам жұмыс істейді. Домна пешін қайта құрастыру үшін Италия, Германия және Қытай елдерінен әкелінген құрал-жабдықтар пайдаланылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны