01.09.2019, 19:01 72815

Артур Платонов Қостанай облысының Федоров ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен танысты

Келесі жылы тағы бір көп пәтерлік баспананың құрылысын салу жоспарлануда. Аудан әкімінің сөзінше, барлық жұмыстар уақытылы орындалып, құрылыс жұмыстары аяқталған соң, алаңдарын абаттандыру мәселесі қарастырылуда.

Қостанай. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - 28 тамызда Мәжіліс депутаты Артур Платонов Қостанай облысының Федоров ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Нысан "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда.

Федоров ауданының әкімі Тәуба Исабаевтың айтуынша құрылыс жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталған. Жаңа баспананы қолданысқа қараша айында беру көзделіп отыр.

- Үй 24 пәтерлі болмақ. Бұл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясындағы ең алғашқы ірі жобамыз. Жалпы құны 164 млн теңгеден асады. Республикалық қазынадан 146,3 млн тенге, қалған 20,7 млн тенге қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді,- дейді аудан әкімі Тәуба Исабаев.

Депутат Артур Платонов ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, бүгінгі таңда мемлекет аз қамтылған, әлеуметтің осал топтарына қамқорлық танытып жатқанын айтты.

Федоров ауданында бүгінде 200-ден астам отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Ауданның сайтында кезекте тұрған азаматтардың тізімін көрсетілген. Келесі жылы тағы бір көп пәтерлік баспананың құрылысын салу жоспарлануда. Аудан әкімінің сөзінше, барлық жұмыстар уақытылы орындалып, құрылыс жұмыстары аяқталған соң, алаңдарын абаттандыру мәселесі қарастырылуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны