28.06.2019, 01:25 9670

Қаржы министрлігі "Азаматтық бюджет. 2018 жыл" атты бірінші әдістемелік нұсқауды шығарды

Қазақстан Республикасының Қаржы министралігі Азаматтық бюджет. 2018 жыл әдістемелік оқу құралының бірінші басылымын ұсынады, бұл 100 қадам Ұлт жоспарының Жалпы жұртқа арналған заманауи мемлекет тұжырымдамасына толық сәйкес келеді.

Нұр-Сұлтан. 27 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Қаржы министралігі Азаматтық бюджет. 2018 жыл әдістемелік оқу құралының бірінші басылымын ұсынады, бұл 100 қадам Ұлт жоспарының Жалпы жұртқа арналған заманауи мемлекет тұжырымдамасына толық сәйкес келеді.

Жарияланым оқырмандарға республикалық бюджет туралы ақпарат беріп қана қоймай, бырақ мемлекеттің бюджет саясаты туралы пікірін қалыптастыруға мүмкіндік береді, өйткені республикалық бюджет - ел экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуын айқындайтын, халықтың әл-ауқатының деңгейіне әсер ететін маңызды мемлекеттік реттеу құралы болып табылады.

Республикалық бюджет мәселелерін түсінубелсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға көмектесетініне және демократиялық қоғамда талдамалық жұмыстың негізін қалайтынына сенімдіміз.

Азаматтарға, Қаржы министрлігінде қоса алғанда, мемлекеттік органдармен кері байланыс мүмкіндігі беріледі.

Оқырмандардың айтқан ұсыныстары азаматтық бюджет бойынша әдіснаманы жетілдіру кезінде ескерілетін болады, бұл әрбір азаматтың, жалпы қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне қызмет етеді.

Әдістемелік оқу құралының мақсаты - оқырмандарға азаматтық бюджетті жұртшылық үшін қолжетімді түрде ұсынудың практикалық аспектілерімен таныстыру.

Әдістемелік оқу құралы азаматтарға, сондай-ақ стратегиялық, бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару саласындағы практик-мамандарға арналып дайындалған.

Жоғары және орта оқу орындарының студенттерін даярлау кезінде ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны