Қаржы министрлігі онлайн бақылау-кассалық машинасына балама әдістерді қарастыруда
Алматы. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қаржы министрлігі онлайн бақылау-кассалық машинасына балама әдістерді қарастыруда.
ҚР Қаржы министрлігі 2020 жылдың соңына дейін онлайн бақылау-кассалық машинасына (онлайн БКМ) балама ретінде дара кәсіпкерлерге (өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға, салық төлеушілерге, патент бойынша жұмыс істейтіндерге) арналған тегін мобильдік қосымша әзірлеуге ықпал ететінін мәлімдеді.
Сондай-ақ, шағын және орта бизнес өкілдері үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін екінші деңгейлі банктермен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жеке тұлғалар мен кәсіпкерлердің ақшалай аударымдары үшін пайдаланылатын мобильді қосымша онлайн БКМ мен пос-терминалдардың тегін баламасы ретінде жұмыс істемек. Оған қоса жаңа жүйе онлайн тіркеуге тұру, онлайн түрде салықтық есеп тапсыру және салық төлеу сынды функцияларды қамтымақ.
Қазіргі таңда онлайн бақылау-кассалық машинасы салықтық әкімшілендірудің негізгі тетігі болып отыр. Онлайн бақылау-кассалық машинасынан алынған деректер Мемлекеттік кірістер комитетіне тауарлар мен қызметтер үшін төленген қаражатқа сараптама жасауға мүмкіндік беріп отыр. Онлайн түбіртектер ауқымды деректер қорын жинайтындықтан, Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесін барлық сауда нүктелерімен интеграциялау тиімсіз. Сондықтан фискалды деректерді қабылдау, сақтау және МКК ақпараттық жүйесіне жолдау функциясын фискалдық деректер операторы арқылы жүзеге асыру туралы шешім қабылданған. Мұндай тәжірибе әлемнің өзге елдерінде де кеңінен қолданылады. Ал көршілес Ресей Федерациясын мысалға алар болсақ, онда фискалдық деректер ғана емес, шот фактуралардың ақпараттық жүйесі де жеке меншік операторларға берілген.
Қазақстанда 2014 жылдан бастап фискалдық деректер операторы ретінде "Қазақтелеком" АҚ жұмыс істеп келген. Ал 2019 жылы бұл қызметті бәсекелестік ортаға беру туралы шешім қабылданды. Осылайша, қазіргі таңда фискалдық деректер операторы функциясын 4 заңды тұлға жүзеге асыруда ("Қазақтелеком" АҚ, "Транстелеком" АҚ, "Кар-тел" ЖШС және "KazTransCom" ЖШС). Бұл шаралар қызметтің құнын төмендетіп, сапасын арттыру мақсатында қолға алынған. Бүгінде "Транстелеком" АҚ қызмет құнын 1400 теңгеге дейін төмендетті.
Онлайн бақылау-кассалық машиналарын пайдалану отандық IT саласын дамытуға үлес қоспақ. Бүгінде смартфондарда мобильді онлайн бақылау-кассалық машиналары қосымшаларының бірнеше түрі бар. Олардың кейбірі ақысыз негізде жұмыс істейді. ҚР ҚМ мамандары мұндай пилоттық жобалардың мүмкіндіктері мен қауіпсіздігін зерттеуде.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚХР-ға теміржол арқылы жүк экспорты 21 пайызға өсті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Ресей үш көмір ЖЭО салады
Үш облыс орталығында - Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО іске асыру энергетикалық көмірдің мол қорын ескере отырып, олардың одан әрі дамуына қуатты серпін береді", - деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанға бидайды әкелуге тыйым салу ұзартылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 14,75 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚР Энергетика министрлігі шетелдік азаматтар үшін бензин мен дизель отынының бағасын өзгертеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Өзбекстан Инвестициялар портфелі 2,5 млрд доллардан асатын 60 жобаны бірлесіп іске асыруда
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
18.04.2024, 12:51"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес 18.04.2024, 16:22 60226Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді17.04.2024, 15:31 57171Ұлттық Ғылым академиясының құқықтық мәртебесі Қазақстанда заң жүзінде бекітіледі17.04.2024, 15:25 57126Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған цифрлық құралдар әзірленді17.04.2024, 17:57 54711Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуді жеделдету тапсырылды
04.04.2024, 16:35 120791Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 120571Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады04.04.2024, 16:25 105386Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат04.04.2024, 12:20 102486Іздеуде жүрген екі қазақстандық азамат Стамбул қаласынан Алматыға жеткізілді05.04.2024, 14:28 1013512023 жылы Қазақстанға 1 миллионнан астам шетелдік турист келді