23.01.2014, 19:47 3002

Исет Ирғалиев жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшерін 60 000 долларға дейін калай өсіру керектігін баяндап берді

ЖІӨ тұрақты өсімінің әлеуетін көтеру үшін жұмыс істейтін адамға шаққандағы еңбек өнімділігінің деңгейі ағымдағы деңгейден 5 есе, яғни 24,5 мың АҚШ доллардан 120 мың АҚШ долларына дейін өсуі қажет.

Алматы. 23 қаңтар. Kazakhstan today. Исет Ирғалиев жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшерін 60 000 долларға дейін калай өсіру керектігін баяндап берді, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖІӨ тұрақты өсімінің әлеуетін көтеру үшін жұмыс істейтін адамға шаққандағы еңбек өнімділігінің деңгейі ағымдағы деңгейден 5 есе, яғни 24,5 мың АҚШ доллардан 120 мың АҚШ долларына дейін өсуі қажет,-деп мәлімдеді ҚР ЭБЖМ "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма басшысының орынбасары Исет Ирғалиев.

Экономистің пайымдауынша, ұзақ мерзімді экономикалық өсу еңбек, капитал, ресурстар өнімділігінің ұзаққа созылған өсіміне негізделетін болады. Бұл Қазақстанға дамыған 30 елдің дәрежесіне көтерілу үшін мүмкіндік беретін басты салалар болып табылады.

Экономиканың тұрақты өсімі өндіріс өсімінің әртараптануына байланысты. Алайда "Жасыл" экономика қағидатына сәйкес, өсім қоршаған ортаға зиян тигізбеуі тиіс,-деп қорытындылады "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма басшысының орынбасары Исет Ирғалиев.

Мемлекет басшысының "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты жолдауында 2050 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі $60 000 болады деп көрсетілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны