29.07.2014, 20:16 11131

АШМ 2014 жылы астық дақылдарының ауруларымен қарсы күреске 2,7 млрд теңге бағыттады

Ағымдағы жылы астық дақылдарының ауруларына қарсы химиялық өңдеу өткізу үшін 2,7 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы ОКҚ өткен бирфингте ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлім етті.

Алматы. 29 шілде. Kazakhstan today. Ағымдағы жылы астық дақылдарының ауруларына қарсы химиялық өңдеу өткізу үшін 2,7 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы ОКҚ өткен бирфингте ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлім етті.

"Жыл сайын аса қауіпті зиянды организмдермен күресу үшін республикалық бюджеттен шамамен 4-5 млрд теңге бөлінеді. Ағымдағы жылы астық тақылдардың ауруларына қарсы химиялық өңдеу өткізу үшін 2,7 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде 1,7 млрд. теңгесі фунгицидтерді сатып алуға жұмсалды", - деді ол.

"Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" ММ ақпараты бойынша 2014 жылы Қазақстанда аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы 7,5 млн. гектар алаңға, оның ішінде астық дақылдарының аурулары 2,2 млн гектар алаңға таралуы болжануда.

"2014 жылдың 28 шілдесіндегі жағдай бойынша астық дақылдары ауруларымен күрсу үшін фунгицидтер сатып алынып, барлық аймақтарға жөнелтілді. Егістіктерді аурулардан қорғау үшін 87 бірлік бүріккіш техника, оның ішінде 41 ұшақтар, ал 46 аэрозольді генераторлар", - деді С. Хасенов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны