18.03.2015, 16:58 4528

АШМ 500 млрд. теӊгеге дейін АШТӨ-ні қаржылай сауықтыруды ұлғайтуда

2015 жылы қаржылық сауықтыруды жалғастыру үшін Министрлікпен "Агробизнес-2020" бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізіліп, АӨК субъектілерініӊ кредиттік және лизингтік міндеттемелерін сауықтыру сомасын 500 млрд. теӊгеге дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ кеӊейтілген отырысында Мемлекет басшысы АӨК субъектілерін сауықтыратын берешек сомасын 500 млрд. теӊгеге дейін ұлғайтуды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

АӨК саласындағы мәселелі несиелердіӊ көлемін азайту, олардыӊ несиелік салмағын төмендету мен банкроттыққа ұшырау қауіпін барынша төмендету мақсатында 2013 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруды жүргізуде.

2015 жылы қаржылық сауықтыруды жалғастыру үшін Министрлікпен "Агробизнес-2020" бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізіліп, АӨК субъектілерініӊ кредиттік және лизингтік міндеттемелерін сауықтыру сомасын 500 млрд. теӊгеге дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бағдарламаныӊ негізгі көрсеткіші жалпы берешек сомасы 300 млрд. теӊгеге қайтару мерзімін ұзарту және АӨК субъектілерініӊ кредиттік және лизингтік міндеттемелерініӊ проценттік ставкасын азайту болып табылады. Бүгінде бұл көрсеткіш толық орындалған.

Осы шараны 2013-2014 жылдары жүзеге асыу қорытындысы бойынша жалпы берешек сомасы 312,9 млрд. теӊгеге 292 АӨК субъектілерініӊ өтінімдері мақұлданды. Бағдарламаға ірі агроқұрылымдармен қатар шағын және орта агробизнес өкілдері де қатысты. Сауықтыруға барлығы 17 қаржылық институт қатысуда, атап айтқанда: "ЦеснаБанк" АҚ, "БанкцентрКредит" АҚ, "Қазақстанныӊ Халық Банкі" АҚ, "ЕуразиялықБанк" АҚ, "Delta Bank" АҚ, "AsiaCreditBank" АҚ, "Банк "Астана-Финанс" АҚ, "Казинвестбанк" АҚ, "BankRBK" АҚ, "Сбербанк" АҚ, "АТФБанк" АҚ және т.б. Сауықтыруға еӊ көп астық егуші аймақтардыӊ АӨК субъектілері қатысуда.

Сауықтыруға жататын берешектердіӊ негізгі үлесі өсімдік шаруашылығы саласына 86,4 % тиесілі, мал шаруашылығы саласына - 2,8%, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеушілерге - 5%, басқа қызмет түрлеріне - 5,6 %.

Екінші деӊгейлі банктерден немесе басқа қаржылық институттардан алған несиелерді қандай да бір себептерге байланысты төлей алмаған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қаржылай сауықтыру принципі келесідей. "ҚазАгро" Холдингі мәселелі займдар бойынша сыйақы пайызын теӊгемен жылдық 3 %-дан артық емес көлемінде орнатады. Осы орналастырылған қаражаттыӊ мемлекетпен субсидия түрінде 7 % қайтарылады. Қаржылық сауықтыру шеӊберінде несиелердіӊ қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, айыппұл мен төлемақы өсімдері есептен шығарылады.

Жалпы АӨК субъектілерініӊ берешектері бойынша қаржылай сауықтыру бағдарламасында сыйақы мөлшерлемесініӊ жалпы сомасын екі есеге төмендету, 25 мыӊнан астам тұрақты жұмыс орынын сақтап қалу үшін жағдай жасалынып отыр. Мұнымен бірге, есептен шығарылған айыппұл мен өсім ақыларыныӊ көлемі шамамен 2,8 млрд. теӊгені құрайды.

Жалпы, Министрлікпен жүргізіліп отырған шара өзініӊ экономикалық мақсаттылығы мен оны әрі қарай жүзеге асыру қажеттілігін көрсетті, ол АӨК субъектілері, сондай-ақ қаржы институттарыныӊ тарапынан тудырып отырған қызығушылықпен айқындалуда.

Сонымен қатар, 2013-2014 жылдар ішінде бір қатар себептер бойынша барлық АӨК субъектілері қатыса алмады.

Бұған қоса, ресейлік рубльдіӊ құнсыздану есебінен қазақстандық тауарлардыӊ бағалық бәсекеге қабілеттілігініӊ әлсіреуі АШТӨ-ні қолдауға бағытталған шараларды қажет етеді, соныӊ ішінде АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бар.

ҚР Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны