06.12.2022, 12:33 16446

АШМ Қазақстандағы күріш нарығындағы тұрақтылық туралы мәлімдеді

АШМ Қазақстандағы күріш нарығындағы тұрақтылық туралы мәлімдеді
Сурет: Depositphotos
ҚР-дағы күріш қоры тұтыну нормасынан үш есе артық

Астана. 6 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстандағы күріш нарығындағы жағдай тұрақты, деп мәлімдеді Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, қоймаларда барлығы 257,2 мың тонна таза күріш болады. Жыл сайын 97 мың тонна тұтыну кезінде бұл қорлар Қазақстанның осы өнімге деген ішкі қажеттілігін 2 еседен астам жабады.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы жиналған күріштің артық мөлшері басқа елдерге экспортталатынын айтты. Ағымдағы жылдың 9 айында шетелге барлығы 70,6 мың тонна, оның ішінде 39,2 мың тонна тазартылған күріш және 31,4 мың тонна ұсақталған күріш сатылды.

Айта кету керек, Қазақстан аумағында ұсақталған күрішке сұраныс жоқ және оның көлемінің 70-80% сыра өндіру үшін Ресейге экспортталады. Тазартылған күріш бойынша бұл елге экспорт небәрі 9,5 мың тонна, ал ұсақталған күріш көлемі 24,6 тоннаны құрады.

Бұл ретте министр қазақстандық күрішті шетелге шектеусіз әкету күріш дағдарысына қауіп төндіреді деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда су тапшылығына байланысты күріш егу алаңы 8,7 мың гектарға қысқарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны