23.09.2011, 15:05 3336

АШМ басшысы рекордтық көрсеткішке жеткен егін түсімін сақтау мүмкін емес деген пікірді қате деп мәлім етті

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашығы министрі Асылжан Мамытбеков биылғы егіннің өнімін сақтау мүмкіндігі жоқ деген қате пікір деп өз ойын ашық айтты.

Астана. 23-қыркүйек. Kazakhstan Today - АШМ басшысы рекордтық көрсеткішке жеткен егін түсімін сақтау мүмкін емес деген пікірді қате деп мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ВNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашығы министрі Асылжан Мамытбеков биылғы егіннің өнімін сақтау мүмкіндігі жоқ деген қате пікір деп өз ойын ашық айтты.

"Астықты сақтау мүмкін емес деген үстірттерге арналған қате пікір. Жақсы қожайынның ештеңесі құрымайды", - деп жазған Мамытбеков жұмада өз twitter-іне

Қазақстанның ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков 2011 жылы болжанған рекордтық астықты сақтауға байланысты қиындықтардың болмайтындығына сенімді.

Сондай-ақ министр Қазақстанда дән сақтайтын орынның сыйымдылығы 22 559 мың тоннаны құрайтындығын тілге тиек етті. Олардың 13 579 мың тоннасы астық қабылдау кәсіпорындары (ХПП) және 8 980 мың тоннасы - ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер қоймалары.

Министр "барлық дәнді элеваторларда сақтаудың қажеті жоқ", деп түсіндірді.

"Кептірілмеген және өңделмеген құрғақ дәнді астық қоймаларында сақтайды. Осылай тиімді, өйткені БҚО - ақылы", - деп атап көрсетті Ауыл шаруашылығы ведомстосының басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны