08.10.2012, 14:49 3098

АШМ мемлекеттік сумен қамту бағдарламасын жүзеге асыру барысында 300 млрд теңгеге жуық қаржыны үнемдейтіндіктерін мәлім етті

"2012 жылдың ақпанынан Су ресурстары комитеті жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған жобаларға қарастырылған қаржыны үнемдеу бойынша жұмыс жүргізді. Комитет қызметкерлері еліміздегі су шаруашылығы және гидротехникалық нысандарда болды. Жергілікті мамандармен бірлесіп бюджеттік қаржыны мейлінше үнемдеу жағы ескеріле отырып, техникалық шешу жолдары талқыланды. Жергілікті жерде шешімнің түрлі жолдары ұсынылып, олар "Қазводхоз" РМК бас басқармасына жіберіліп отырды", - деді Ислам Ибішев.

Астана. 8-қазан. Kazakhstan Today - АШМ мемлекеттік сумен қамту бағдарламасын жүзеге асыру барысында 300 млрд теңгеге жуық қаржыны үнемдейтіндіктерін мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Ибішев мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

"2012 жылдың ақпанынан Су ресурстары комитеті жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған жобаларға қарастырылған қаржыны үнемдеу бойынша жұмыс жүргізді. Комитет қызметкерлері еліміздегі су шаруашылығы және гидротехникалық нысандарда болды. Жергілікті мамандармен бірлесіп бюджеттік қаржыны мейлінше үнемдеу жағы ескеріле отырып, техникалық шешу жолдары талқыланды. Жергілікті жерде шешімнің түрлі жолдары ұсынылып, олар "Қазводхоз" РМК бас басқармасына жіберіліп отырды", - деді Ислам Ибішев.

Оның айтуынша, жобаларға жүргізілген сараптама барысында мамандар бюджеттік қаржыны 5-6 есе үнемдеге болатынына көз жеткізген.

"2011-2020 жылдары 19 жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұл мақсатқа 397 млрд. теңге бөлінген. Бюджеттік қаржыны тиімді пайдаланудың нәтижесінде 302 млрд. теңге үнемдеуге болады. Біздің есебіміз бойынша, жобаларды жүзеге асыруға 95 млрд. теңге жеткілікті", - деп толықтырды Су ресурстары комитетінің төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны