14.09.2015, 11:14 4391

АШТӨ астық сақтау сыйымдылықтарыныӊ көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,4%-ға өсіп, 12,6 млн. тоннаны құрады

Ағымдағы жылы барлық ауылшаруашылығы дақылдарыныӊ егіс алқаптары 21,2 млн. га құрады, оныӊ ішінде дәнді дақылдар - 14,9 млн. га, бидай - 11,7 млн. га. Майлы дақылдар 2 млн. га, мал азықтық дақылдар - 3,7 млн. га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп - 425 мыӊ га алқапта орналастырылды

Астана. 14 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы барлық ауылшаруашылығы дақылдарыныӊ егіс алқаптары 21,2 млн. га құрады, оныӊ ішінде дәнді дақылдар - 14,9 млн. га, бидай - 11,7 млн. га. Майлы дақылдар 2 млн. га, мал азықтық дақылдар - 3,7 млн. га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп - 425 мыӊ га алқапта орналастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл ретте 2014 жылмен салыстырғанда дәнді жемдік, жарма, бұршақты дақылдардыӊ алқаптары 316 мыӊ га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп - 12,5 мыӊ га, мал азықтық дақылдар - 400 мыӊ га, қант қызылшасы - 7,4 мыӊ га көбейді, бұл Ауыл шаруашылығы министрлігімен жүргізілетін егіс алқаптарын әртараптандыру саясатыныӊ оӊ нәтижесі болып табылады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларыныӊ деректері бойынша егін жинау жұмыстары барлық аймақтарда өткізілуде. Сондай-ақ, биыл егін ору науқаны өткен жылдағы көрсеткіштерге қарағанда қарқынды жүргізілуде. А.ж. 11 қыркүйектегі жағдай бойынша шамамен 5,6 млн га дәнді дақылдар жиналды, бұл 2014 жылғы деӊгейінен 674,5 мыӊ га артық, 6,2 млн. тоннадан астам астық бастырылды (2014 жылы - шамамен 5,2 млн. тонн), түсімділік 11,1 ц/га болды, бұл өткен жылдыӊ деӊгейінен 0,6 ц/га артық. Оӊтүстік аймақтарда жүгері мен күрішті санамағанда, жалпы дәнді дақылдардыӊ ору науқаны аяқталды. Жазғы дақылдардыӊ дамуы кезінде ауа райыныӊ құрғақшылық болуы есесінен еӊ төменгі түсімділік Ақтөбе (5,3 ц/га) және Батыс Қазақстан (5,3 ц/га) облыстарында байқалуда.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізу үшін КазАгро Ұлттық холдингі 68,0 млрд. теӊге бағыттады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге литрін 81 теӊгеден аспайтын жеӊілдетілген баға бойынша 421 мыӊ тонна жанар май бөлінді, бұл нарықтық бағадан 18%-ға төмен (ЖҚС литрі 99 теӊге). Салыстыру үшін былтырғы жылы ЖЖМ литріне 108 теӊге бағасымен бөлінді. А.ж. 10 қыркүйегіне АШТӨ үшін 273 мыӊ тонна арзандатылған дизель отыны жөнелтілді.

Ауыл шаруашылығы техникасыныӊ дайындығы 98-99% деӊгейінде. Ағымдағы жылы егін жинау науқанына 14 мыӊнан астам жоғары өнімді астық жинау комбайндары шықпақ. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша астық жинайтын комбайндардыӊ 99%, орақтардыӊ және астық кептіргіштердіӊ 99%, механикаландырылған қырмандардыӊ 98% дайындалды, бұл өткен жылдыӊ деӊгейінен жоғары.

Қазіргі кезде республикада жалпы сыйымдылығы 13,7 млн. тонна шамасында 204 лицензияланған АҚК қызмет етуде. Мұнымен, бір жыл ішінде АШТӨ астық сақтау сыйымдылықтары 12,4%-ға өсіп, 12,6 млн. тоннаны құрады Осылайша, астық қабылдайтын сыйымдылықтар 26,3 млн. тоннаны құрайды, бұл былтырғы жылдыӊ деӊгейінен 1,1 млн. тоннаға артық. Көрсетілген сыйымдылық жаӊа өнімніӊ астығын және өткен жылдардағы қалдықтарды сақтауға жеткілікті.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны