09.09.2016, 17:20 4612

Асқар Мырзахметов "ҚазАгро" ҰБҚ" АҚ директорлар кеӊесініӊ төрағасы болып сайланды

Аталған бұйрықпен Сағынтаев Бақытжан Ибдірұлыныӊ және Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлыныӊ "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеӊесініӊ мүшелері ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеӊесініӊ ашық отырысы өткізілді. Онда ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар ИсабекұлыМырзахметовты "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеӊесініӊ төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Pm.kz.

Холдингтіӊ Жалғыз акционерініӊ шешімімен ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрініӊ 2016 жылғы бұйрығымен ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов Асқар Исабекұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айтуғанов Қайрат Қапарұлы, ҚР Ұлттық экономика министрі Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы, ҚР "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Илтаев Нұржан Бауыржанұлы "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеӊесініӊ мүшелері болып сайланды.

Аталған бұйрықпен Сағынтаев Бақытжан Ибдірұлыныӊ және Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлыныӊ "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеӊесініӊ мүшелері ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны