13.05.2017, 18:03 4360

Асқар Мырзахметов Қызылорда облысындағы ауыл шаруашылығы нысандарын аралады

ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Шиелі ауданындағы үрмелі су тоспасына барып, облыстыӊ су шаруашылығы мәселерімен танысты және су шаруашылығы саласыныӊ ардагерлерімен кездесті. Естеріӊізге сала кетейік, жуырда Үкіметте Шиелі ауданындағы Күміскеткен су қоймасыныӊ құрылыс жобасы қаралған болатын.

Қызылорда. 13 мамыр. Kazakhstan Today - 13 мамыр күні Қызылорда облысына ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған делегация жұмыс сапарымен келді. ҚР вице-премьері және облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жаӊақорған ауданындағы бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, "Мал шаруашылығын дамытудағы кооперацияныӊ рөлі туралы" аймақтық семинар кеӊеске қатысты.

Асқар Мырзахметов мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асырылып жатқан ауыл шаруашылығын қолдау шаралары туралы айтып берді. Енді биылдан бастап ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге кепілсіз несие, субсидиялар беріліп, құрал-жабдықтар 50%-ға арзандатылады және т.б. көптеген жеӊілдіктер қарастырылады.

Сондай-ақ, семинарда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы кооперативтері департаментініӊ директоры Б.Нығмашев, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқарма төрағасы Ж.Омаров, "Шиелі төрт түлігі" АӨК төрағасы С.Ермаханов және "Миялы" АӨК төрағасы А.Ибсаттаров баяндама жасады.

Содан соӊ Асқар Мырзахметов Жаӊақорған ауданы Қожакент ауылындағы 54 жеке қосалқы шаруашылықты біріктірген, мал бордақылау алаӊын табысты жүргізіп отырған "Миялы" ауыл шаруашылығы кооперативініӊ, томат егу және томат пастасын шығаруға бағытталған "Тату агро" шаруа қожалығыныӊ егіс алқабындағы жұмыстармен танысты.

Бұдан бөлек, ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Шиелі ауданындағы үрмелі су тоспасына барып, облыстыӊ су шаруашылығы мәселерімен танысты және су шаруашылығы саласыныӊ ардагерлерімен кездесті. Естеріӊізге сала кетейік, жуырда Үкіметте Шиелі ауданындағы Күміскеткен су қоймасыныӊ құрылыс жобасы қаралған болатын. Биыл көктемде Сырдария арнасындағы су деӊгейі соӊғы жарты ғасырдағы еӊ жоғары көрсеткішке дейін жетті.

Осы күні кешке А.Мырзахметов пен Қ.Көшербаев Жаӊақорған ауданындағы ІІІ облыстық малшылар слетініӊ ашылу салтанатына қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны