10.05.2012, 09:59 3563

"Аst etalon crown"компаниясы еуропалық сападағы кронентығындар шығара бастады

"Ast Etalon Crown" ЖШС - Қарағанды облысы бойынша "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік конкурс-көрмесінің "Өндірістік мақсаттағы үздік тауар" аталымы бойынша ІІ дәрежелі дипломанты.

Астана. 10-мамыр. Kazakhstan Today - "Аst etalon crown"компаниясы еуропалық сападағы кронентығындар шығарыла бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жоба үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қосылған.

"Ast Etalon Crown" ЖШС - Қарағанды облысы бойынша "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік конкурс-көрмесінің "Өндірістік мақсаттағы үздік тауар" аталымы бойынша ІІ дәрежелі дипломанты.

"Ast Etalon Crown" компаниясы шыны шөлмектерді тығындауға арналған кронентығын өнімдерін шығарумен айналысады. Серіктестік алтын түстес немесе күміс түстес тығыннан бастап, күрделі литографиялы немесе логотипті тығындар да шығарады. Жетекші еуропалық өндірушілерден жеткізілетін жоғары сапалы шикізаттар, өндірістің заманауи жабдықтармен жарақталуы, осы саладағы кәсіпорындарда тәжірибеден өткен қызметкерлердің біліктілігі және бүкіл технологиялық үрдістің аралық бақылануы жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беріп отыр.

"Ast Etalon Crown" компаниясы сондай-ақ азық-түлік және мұнай химиясы өнеркәсібінде пайдаланылатын қаңылтыр ыдыстар, консервілеуге арналған "СКО" және "Twist" қақпақтарын, құрамында спирті бар сұйықтықтарды тығындауға арналған алюминий қақпақшалар жасалатын ақ қаңылтырды немесе алюминий қаңылтырларын лактеу және литографиялау жөніндегі қызметтер көрсетеді.

Кәсіпорын сондай-ақ, металдан жасалатын қорап материалдардың жаңа түрлерін жасауды мақсат етіп отыр.

Компания өз технологиялық үрдісінде жетекші өндірушілер жеткізетін заманауи жабдықтар мен материалдарды пайдаланады.

Ақ қаңылтырды немесе алюминийді лактеу және литографиялау процесі германдық жаңа жабдықта жүзеге асырылады. Лактеу машинасы мен конвенциальдық кептіру пешінің бірлескен мүмкіндігі жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Және орнатылған тазалау қондырғысы мен кептіру кезінде бөлінетін ұшатын заттарды күйдіру жүйесінің арқасында қоршаған ортаға зиян келмейді.

Жоғары білікті қызметкерлердің, заманауи техникалық қамту мен жоғары сапалы шығыс материалдарының арқасында өндіріс кез келген күрделі және түрлі-түсті литография жасай алады. Кронентығынды ою және оны өңдеу жұмыстары итальяндық желіде жүргізіледі және барлық процесті білікті қызметкерлер басқарады.

Кәсіпорынның толық жарақталған жеке техникалық бақылау (ОТК) зертханасы бар. Бұл зертхана материалдардың және дайын өнімдердің сапаларын, сондай-ақ технологиялық үдерістердің барлық талап етілетін өлшемдерін бақылайды.

Компанияның техникалық мамандары металдардың тиімді өлшемдерін, оларды безендіру және қорғау әдістерін таңдаумен айналысады, сондай-ақ қайта өңдеу мәселелері бойынша техникалық қолдау көрсетеді.

2010 жылдың қараша айында кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігі туралы немістің T?V S?D ManagementServiceGmbh сертификаттау жөніндегі органының сертификатына ие болды.

Өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерді қолдауға арналған "Даму-Өндіріс" бағдарламасының аясында кәсіпорынның 175,8 млн. теңге сома несиесі қайта қаржыландырылды. 2010-2011 жылдары "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша "Ast Etalon Crown" ЖШС-нің 922 млн. теңге сома несиелік желісі субсидияланды. Жоба Үдемелі индустриялық-инновациялық даму (ҮИИД) бағдарламасына кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны