14.07.2016, 20:09 4889

Астана - Теміртау бағытындағы төрт жолақты жолды қараша айында ашу жоспарланып отыр

"Астана мен Теміртауды жалғастыратын төрт жолақты жолды биыл іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осакаровкадан басталатын 21 шақырымды кестеден оза төсеп жатырмыз, жолдыӊ бетон жабыны аяқталды", - деді Шаймин.

Қарағанды. 14 шілде. Kazakhstan Today - Астана - Теміртау бағытындағы төрт жолақты жолды 2016 жылдыӊ қараша айында ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Өӊірлік комуникациялар қызметінде өткен брифингте "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясыныӊ Қарағанды филиалыныӊ директоры Қанат Шаймин мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Астана мен Теміртауды жалғастыратын төрт жолақты жолды биыл іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осакаровкадан басталатын 21 шақырымды кестеден оза төсеп жатырмыз, жолдыӊ бетон жабыны аяқталды", - деді Шаймин.

Оныӊ нақтылауынша, жол қараша айында пайдалануға беріледі. Алайда жолдыӊ қыс маусымындағы күтіміне қатысты сұрақтар туындап отыр.

"Филиал басшысы ретінде Теміртауға дейінгі жолдыӊ жай-күйі мені қатты алаӊдатады. Қазір жолдыӊ күтімімен "Қазақавтодор" мекемесініӊ қарағандылық филиалы айналысады. Бұл фирма нормативтіӊ небәрі 60% шамасында ғана техникамен жабдықталған. Сол себепті алаӊдаушылық бар. Бірақ біз бұл сұрақтарды үкіметке қойып отырмыз", - деді Шаймин.

Сонымен бірге филиал директоры Жезқазған мен Қызылорда арасындағы жол бөлігін жөндеу көзделіп отырғанын да хабарлады.

"Жол өткен ғасырдыӊ 60-шы жылдарында салынған. Содан бері бір рет те күрделі жөндеуден өткен жоқ. Асфальтты-бетонды жабыны да болған емес. Күз бен көктемдегі нөсер кездерінде онда қиындықтар көптеп туындайды. Облыс басшылығы бізді қолдап, бас кеӊсемізге өтінішпен шықты. Жолды жөндеуге қаржы бөлінді. Қазір жолдыӊ осы бөлігініӊ өтімділігін қалыпты сақтау мақсатындағы белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатыр, деді Шаймин.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны