Система Orphus

Астана әкімдігі Uber компаниясымен меморандум жасасты

10.06.2016, 15:58 5829

Астана. 10 маусым. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ әкімдігі, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және Uber компаниясы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Илемніӊ 70-тен астам мемлекетінде қызмет көрсететін халықаралық компания қазақстандық нарыққа елордадан бастап кірмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Меморандумға сәйкес, Uber тек кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелген Серіктестермен (заӊды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен) ғана жұмыс істейді. Автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі мен заӊды қызметініӊ арқасында Uber қазақстандық нарықта сервис серіктестері-жүргізушілердіӊ кірісініӊ айқын болуына және салықтардыӊ бюджетке толық төленуіне жағдай жасайды, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

"Ирине, бұл біз үшін айтулы оқиға. Uber компаниясымен көптен бері келіссөздер жүргізіп келеміз, оныӊ Қазақстан нарығына осы Астанадан бастап кіретініне қуаныштымыз. Жүйеніӊ айқындылығыныӊ арқасында шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашылып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер ұлғаяды, ал еӊ маӊыздысы, нарықта тағы да бір әлемдік бренд болады", - деді Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Малика Бектұрова. Оныӊ айтуынша, жолаушылар тасымалы нарығына жаӊа компанияныӊ енуі елордалық бизнестіӊ дамуына үлкен серпін бермек.

Uber - пайдаланушылар мен жүргізуші-серіктестерді байланыстыратын технологиялық платформа. Мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруші жүргізуші мен машинаға резерв қойып, оныӊ белгіленген жерге дейінгі қозғалысын бақылай алады, төлем банктік картамен жасалады. Uber қолданыстағы қарапайымдылығымен, қауіпсіздік талаптарыныӊ жоғары болуымен, сондай-ақ, қолма-қол ақшалай төлемдердіӊ жоқтығымен танымал. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетініӊ төрағасы Дәулет Ерғожинніӊ атап өтуінше, нақ осы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу салық түсімдерініӊ ұлғаюына ықпал етеді.

Uber B.V. ТМД мемлекеттері бойынша бас менеджері Алексей Стахтыӊ атап өтуінше, компанияныӊ жобаны Астанада дамыту перспективалары зор.

"Үлкен перспективалар бар. Стартап аса қарқынды дамып келеді, біз әлемніӊ 70 мемлекетінде 400 астам қалада жұмыс істейміз. Қазақстанға келіп, елордадан бастайтынымызға қуаныштымыз. Біз үшін бұл өте маӊызды. Бүгінгі таӊда биліктіӊ қазіргі саланы жақсартуға мүмкіндік беретін инновацияларды қолдайтынын көріп жүрміз. Өз тарапымыздан қазақстандықтар күткен сервисті ұсынуға барлық шараларды қабылдайтын боламыз", - деді А. Стах.

М. Бектұрованыӊ айтуынша, елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына жайлылық пен қызметініӊ заӊдылығын қамтамасыз ететін, дамытылып жатқан басқа да жобалар бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны