22.02.2007, 17:25 3235

Астана әкімшілігі Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының кәсіпкерлерге беретін несиелерінің мөлшерін 60 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды ұсынады

АСТАНА. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Астана әкімшілігі Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының кәсіпкерлерге беретін несиелерінің мөлшерін 60 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды ұсынады. Бұл туралы бүгін Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры Мәлика Нығматулина кәсіпкерлермен кездесуде құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазіргі жағдаймен Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалы шағын кәсіпкерлік субьектісіне 30 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көлемде несие беру туралы шешім қабылдау құқығына ие. Қаржы көлемі республиканың қай өңірі екеніне қарамастан өзгеріссіз қала береді. Бұл ретте Астанада бизнеспен шұғылданудың бастапқы шығындары республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда жоғары екендігі ескерілмейді",- деді М.Нығматулина.

Осыған байланысты оның айтуынша, Астана қалалық әкімшілігі Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын өз құрылымына қамтитын "Қазына" АҚ-ына кәсіпкерлерге беретін несиелерінің мөлшерін 60 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды ұсынған. "Біздің пікірімізше, бұл тәжірибе өңірлерде шағын бизнеске қатысты жобаларды жүзеге асыру мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік берер еді",- деді әкімшілік өкілі.

"Біздің ұсынысымыз ресми түрде "Қазына" даму қорына жолданды. Меніңше, оған қатысты қорытынды таяу уақыттарда беріледі",- деді М.Нығматулина. Оның айтуынша, бұл ұсынысты Астана қалалық әкімшілігі қордың тек Астанадағы филиалына қатысты енгізген. Бірақ ол "Қазына"АҚ бұл мәселе бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда шағын және орта бизнеске арналған несиелердің мөлшеріне белгіленген шектеу еліміздің басқа өңірлерінде де артуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны