26.03.2019, 21:12 15998

"Астана Банкі" АҚ тарату комиссиясы кредиторлардың өтініштерін қабылдауды 29 наурызға дейін ұзартты

Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін "Астана Банкі" АҚ тарату комиссиясы банктің мүлкін сатуға дайындау және кезектілікке сәйкес банк кредиторларымен есеп айырысу жұмыстарын бастайды.

Нұр-Сұлтан. 26 наурыз. Kazakhstan Today - "Астана Банкі" АҚ тарату комиссиясы кредиторлар - жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау мерзімін жұма, 29 наурызға дейін ұзартты. Берілген өтініштер негізінде "Астана Банкі" АҚ тарату комиссиясы "Астана Банкі" АҚ-ның әрбір кредиторы алдындағы банктің міндеттемелерін ескеретін тарату балансын қалыптастырады.

"Астана Банкі" АҚ-ның 268 458 салымшыларының ішінен 267 420 салымшыларының (99,6%) депозиттеріне жинақталған (капиталдандырылған) сыйақыны ескере отырып толық көлемде кепілдік беріледі.Банктің қалған 1 038салымшысының (0,4%) кепілдендірілген ең жоғарғы сомадан асатын депозиттері бар. Бұл салымшылар кепілдендірілген ең жоғарғы соманы банк-агенттен алуларына және кепілдендірілген соманың үстіндегі қалдығын төлеу үшін тарату комиссиясына өтініш берулеріне болады. Сондай-ақ тарату комиссиясына есептелген (капиталдандырылмаған және төленбеген) сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар да өтініш беруге құқылы. "Астана Банкі" АҚ-ның 29 наурызға дейін өтініш берген салымшылары - жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер банк кредиторларының 4-кезегіне енгізіледі.

Өтініштер еркін жазбаша нысанда "Астана Банкі" АҚ тарату комиссиясының төрағасы Д. М. Зинуллинаның атына жіберіледі және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

oөтініш беруші-жекетұлғаның ТАӘ және ЖСН-і (жеке тұлғаны куәландырушы құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі),

oбанктік шоттың (ЖСК/IBAN) нөмірі немесе банктік шот, банктік салым шартының нөмірі,

oкредитордың алдындағы банктің орындалмаған міндеттемелер сомасы (негізгі борыш пен сыйақының, тұрақсыздық айыбының және басқа айыппұл санкцияларының, шығындардың мөлшері бөлек-бөлек көрсетіледі),

oақша аудару үшін төлем деректемелері (өтініш берушінің қарастыруы бойынша),

oпошталық деректемелері (индекс, мекенжайы) - тарату комиссиясынан кредитордың өтінішін қарастыру нәтижелері туралы жауап алу үшін.

Өтінішке талап етудің негізі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет (мысалы, банктік шоттан үзінді көшірме, банктік шот, банктік салым шарты, заңды күшіне енген сот шешімдері немесе талап ету құқығын растайтын басқа да құжаттар). Тарату комиссиясына ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін нотариалды куәландыру талап етілмейді. Талап ету сомасын растайтын шот бойынша көшірмені тарату комиссиясының филиалынан алуға болады.

Өтініштерді жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жеке өздері беруі мүмкін немесе "Астана Банкі" АҚ тарату комиссиясының филиалдарына пошта арқылы жіберулеріне болады. Кредиторлардан келіп түскен өтініштерді қараудың ең ұзақ мерзімі, егер басқа мерзімдер банк пен кредитордың арасында жасалған шартта айтылмаса, алынған күннен бастап екі аптаны құрайды.

Қазіргі уақытта тарату комиссиясы алынған 480 өтініш бойынша кредиторлар - жеке тұлғалардың талаптарын мойындады. Бұл талаптар кредиторлардың 4-кезегіне енгізілді.

Кредиторлар кеңес алу үшін тарату комиссиясының бас кеңсесіне 8 (727) 259 6060 телефоны бойынша хабарласа алады. Қазақстанның сегіз қаласындағы тарату комиссиясы филиалдарының мекен-жайын ҚДКБҚ колл-орталығында 1460 тегін қысқа нөмірі бойынша, Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының веб-сайтында: www.kdif.kzжәне ҚДКБҚ телеграм-чатында: t.me/kdif_askанықтауға болады.

Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін "Астана Банкі" АҚ тарату комиссиясы банктің мүлкін сатуға дайындау және кезектілікке сәйкес банк кредиторларымен есеп айырысу жұмыстарын бастайды.

1.Тарату комиссиясы бір ай ішінде банктің активтері мен кредиторлардың банкке қойылатын талаптары ескерілетін банктің аралық балансын қалыптастырады және Қазақстан Ұлттық Банкіне келісуге береді. Аралық баланс берілген күннен бастап бір ай ішінде бекітілуі немесе қабылданбауы тиіс.

2.Аралық баланс бекітілгеннен кейін бір ай ішінде банктің кредиторлар комитетінің құрамы бекітіледі және тарату комиссиясы кредиторлармен олардың талаптарының кезектілігі тәртібімен есеп айырысуды бастайды.

Кредиторлар комитетіне осы кезектегі барлық кредиторлардың арасында ең көп талап сомасы бар әрбір 10 кезектегі кредиторлар өкілдері кіреді. Кредиторлар комитеті барлық кредиторлардың құқықтарының сақталуын, сондай-ақ тарату процесінің тиімділігін, тарату комиссиясы шығыстарының негізділігін және банктің активтері мен мүлкін сату барысын бақылауға арналған.

3.Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілгеннен кейін тарату комиссиясы банктің активтері мен мүлкін сатуды бастайды. Банк активтерін сату барысында түскен ақша, өтініш берген бір кезектегі кредиторлар арасында тепе-тең бөлінеді. Есеп айырысу кредитор көрсеткен банктік деректемелер бойынша қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізілетін болады. Әрбір кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мерзімдеріне кепілдік берілмеген және банк активтерін сату нәтижелері мен банк берген қарыздарды қайтару бойынша талап-арыз жұмысына байланысты болады.

ҚДКБҚ "Астана Банкі" АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелердің 96%-ын өтеді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) "Астана Банкі" АҚ салымшыларының - жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің депозиттерін өтейді. Өтем төлеу "Еуразиялық банк" АҚ банк-агентбөлімшелерінде 2019 жылғы 26 қаңтардан бастап 26 шілдеге дейін жүргізіледі. Салымдарға, банк клиенттерінің - жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің ағымдағы шоттары мен төлем карточкаларында орналастырылған ақша өтеледі.

"Астана Банкі" АҚ-ның 46 мыңнан астам салымшысы банк-агентке өтініш білдірді. Қазіргі уақытта салымшыларға 36 миллиард теңге - міндеттемелердің жалпы сомасының 96%-ы төленді. Банк-агентке өтемақы үшін әлі өтініш білдірмеген салымшылар 2019 жылғы 26 шілдеге дейін банк- агентке, ал кейін-тікелей ҚДКБҚ-ға өтініш беруге құқылы.

Банк салымшыларының 64%-ының мың теңгеден кем, салымшылардың 79%-ының бес мың теңгеден кем депозиттері болған. "Астана Банкі" АҚ-да ашылған депозиттік шоттардың 99,6%-ына толық көлемде кепілдік беріледі: салым, ағымдағы шоттағы немесе төлем карточкасындағы ақша сомасы өтеудің ең жоғары сомасынан аспайды.

ҚДКБҚ "Qazaq Banki " АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелердің 97%-ын, "Эксимбанк Қазақстан" АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелердің 99%-ын өтеді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) "Qazaq Banki" АҚ салымшыларына 2018 жылғы 24 желтоқсаннан бастап "Банк ВТБ (Қазақстан)" АҚ ЕҰ Банк-агенті арқылы өтемақы төлеуді жүргізеді.Банк-агентке банктің 5 мыңға жуық салымшысы өтініш берді. Жалпы сомасы 20 миллиард теңгеге - міндеттемелердің жалпы сомасының 97% өтемақы төленді. Банк-агенттің бөлімшелерінде өтемақы төлеу 2019 жылдың 24 маусымына дейін созылады, белгіленген мерзімде банк-агентке өтемақы төлеуге өтініш жасамаған "Qazaq Banki" АҚ салымшылары осы күннен кейін өтемақыны тікелей ҚДКБҚ-дан ала алады.

"Қазақстан Эксимбанкі" АҚ-ның салымшылары өтемақы алу үшін "Қазпочта" АҚ-на 2019 жылғы 4 ақпан мен 4 тамыз аралығында өтініш бере алады. "Қазпочта" АҚ бөлімшелеріне банктің 114 салымшысы өтініш білдірді. Жалпы сомасы256,8 миллион теңге - міндеттемелердің жалпы сомасының 99%-ына өтемақы төленді.

"Qazaq Banki" АҚ-да кредиторлардың өтініштерін қабылдау аяқталды және тарату комиссиясы аралық балансты қалыптастыруға кірісті. "Эксимбанк Қазақстан" АҚ тарату комиссиясы 2019 жылдың 25 наурызына дейін кредиторлардың өтініштерін қабылдайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны