21.01.2019, 21:45 7304

"Астана Банкі" АҚ-ныӊ әрбір 275 мыӊ салымшысы алдындағы міндеттемелерді өтеу үшін агент банкке 40 миллиард теӊге аударылатын болады

ҚДКБҚ-ныӊ кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған қаражаттыӊ жалпы сомасы 740,7 миллиард теӊгені құрайды. "Астана Банкі" АҚ-ныӊ барлық салымшыларына төлеу үшін 37,3 миллиард теӊге көлеміндегі сома талап етіледі.

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2019 жылдыӊ 26 қаӊтар күні "Еуразиялық банк" АҚ агент банкі арқылы "Астана Банкі" АҚ салымшыларыныӊ өтініштерін қабылдау мен өтемақыныӊ төленуі басталады. Қазіргі таӊда "Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ (бұдан әрі - ҚДКБҚ) және агент банк төлемді белгіленген мерзімде қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық іс-шараларды жүргізуде.

ҚДКБҚ-ныӊ кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған қаражаттыӊ жалпы сомасы 740,7 миллиард теӊгені құрайды. "Астана Банкі" АҚ-ныӊ барлық салымшыларына төлеу үшін 37,3 миллиард теӊге көлеміндегі сома талап етіледі. Бұл ҚДКБҚ қаражатыныӊ жалпы сомасынан 5%-ын құрайды. Яғни, "Астана Банкі" АҚ салымшылары ақшалай қаражаттыӊ жеткілікті көлемініӊ бар екенін және ҚДКБҚ-ныӊ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкідегі арнайы шотта 40 миллиард теӊге көлеміндегі ақшаны алдын-ала резервке қойғандығын түсінуі тиіс. Бұл ақша "Астана Банкі" АҚ-ныӊ әрбір 275 мыӊ салымшылары алдындағы міндеттемелердіӊ толық көлемде төлем жүргізу үшін агент банкке аударылатын болады.

Агент банк болып табылатын "Еуразиялық банк" АҚ Қазақстан Республикасыныӊ барлық өӊірлерінде салымшыларға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін кеӊ филиалдық желісі бар, пруденциялық нормативтердіӊ бұзылу деректері жоқ, қаржылық күйі тұрақты банктердіӊ арасынан таӊдалған болатын. "Астана Банкі" АҚ салымшыларыныӊ өтініштерін қабылдау мен өтемақыныӊ төленуі "Еуразиялық банк" АҚ филиалдары мен бөлімшелерінде жүргізілетін болады.

ҚДКБҚ мен "Еуразиялық банк" АҚ "Астана Банкі" АҚ салымшыларына төлемдерді жедел жүргізу үшін барлық іс-шараларды жүргізуде, атап айтқанда:

1) агент банк қызметкерлері санын ұлғайту және төлем жүргізу үшін арнайыландырылған жаӊа кеӊселерді ашу: Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Шымкент;

2) төлемді жүргізу басына салымшылардыӊ еӊ көп ағымы күтілуіне байланысты, алғашқы күндер әдейі демалыс күндеріне тағайындалды:сенбі және жексенбі. Бұл күндері "Еуразиялық банк" АҚ -ӊ жеке тұлғалармен жұмыс істейтін барлық бөлімшелері "Астана Банкі" АҚ-ӊ салымшылары ғана және кеӊейтілген кесте бойынша қызмет етеді: 26 қаӊтар - 8:00-ден және 22:00-ге дейін, ал 27 қаӊтар - 8:00-ден және 20:00-ге дейін. 28 қаӊтардан бастап, агент банк кепілдік берілген өтем төленуін филиалдар мен бөлімшелердіӊ әдеттегі режимінде жүргізетін болады;

3) кезектерді болдырмау үшін ақша беру процедураларын жеделдететін болады, соныӊ ішінде бөлімшелер кассаларында ақша болуын қамтамасыз ету;

4) агент банк "Астана Банкі" АҚ салымшыларына смс-тарату арқылы кепілдік берілген өтемді алу мерзімдері мен тәсілдері жөнінде ақпарат беруде;

5) агент банк бөлімшелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ҚДКБҚ агент банктіӊ бөлімшелерінде күзетуді күшейту мен экипаждарымен патрульдеуі бойынша Қазақстан Республикасыныӊ Ішкі Істер министрлігі Икімшілік полиция комитетініӊ төрағасы Лепеха И.В. -ға сауал салды;

6) ҚДКБҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне агент банктіӊ филиалдары мен бөлімшелерде шұғыл түрде әрекет ету үшін жедел жәрдем бригадаларыныӊ даярлығын қамтамасыз ету үшін сауал салды.

"Еуразиялық банк" АҚ-да өтініштерді қабылдау мен өтемақыныӊ төленуі 2019 жылдыӊ 26 қаӊтар күнінен басталып 2019 жылдыӊ 26 шілде күніне дейін жалғасатын болады. Бұл кезеӊ ішінде "Астана Банкі" АҚ салымшылары төлемді алу үшін агент банктіӊ кез келген бөлімшесіне жүгіне алады. Кепілдік берілген өтемді бірі қалмастан, "Астана Банкі" АҚ-ныӊ барлық салымшылары алатын болады.

Агент банктіӊ барлық қалалардағы филиалдар мен бөлімшелерініӊ мекенжайларын "Еуразиялық банк" АҚ-ныӊ ресми веб-сайтында: www.eubank.kz және агент банктіӊ анықтама қызметінде білуге болады: +7 (727) 332 77 22, +7 (771) 000 7722, +7 (700) 000 7722, +7 (702) 010 7722.

26 шілдеден соӊ төлем жөніндегі өтінішті тікелей ҚДКБҚ-ға беруге болады.

Өтемақыны алуға қажетті құжаттар

Өтемақыны алу үшін "Астана Банкі" АҚ салымшыларына жеке басын куәландыратын құжатты алып, агент банктіӊ кез келген бөлімшесіне немесе филиалына жүгіну керек. Өтініштіӊ нысанын агент банктіӊ бөлімшесінен алуға немесе ҚДКБҚ-ныӊ интернет-сайтында электронды нұсқасын жүктеп, оны алдын-ала толтыруға болады. Салымшыларды сәйкестендіру жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша жүргізіледі. Сондықтан, "Астана Банкі" АҚ салымшыларыныӊ құқықтарын растау үшін банктік салым шарты немесе кассалық кіріс ордерлер талап етілмейді.

Тегі, аты немесе әкесініӊ аты өзгерген жағдайда, өтініш беруші АХАЖ органдарымен берілген неке қию туралы куәлікті немесе тегініӊ, атыныӊ немесе әкесініӊ атыныӊ өзгеруі туралы куәлікті агент банкке ұсынуы тиіс.

Агент банкке жеке-өзі келе алмаған салымшылар үшінші тұлғаларға сенімхат негізінде өз атынан өтініш беруді тапсыра алады. Агент банкте өтініш берушініӊ жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Сенімхатты заӊнаманыӊ белгіленген талаптарына сәйкес нотариуста рәсімдеп, онда төмендегілер көрсетіледі: мәжбүрлеп таратылатын банкте ашылған депозиттер мен банк шоттарындағы ақшаға иелік ету жөніндегі өкілдіӊ құзыретттері. Сонымен қатар, өкілдіӊ өтемақы мен таратылатын банкте ашылған банк шоттарыныӊ нөмірін алуға арналған нақты құзыреттерін де көрсетуге болады. Агент банк тарапынан сенімхаттыӊ мазмұнына қатысты қосымша талаптарды белгілеуге рұқсат етіледі.

Егер сенімхат шет тілде құрастырылса, онда депозитордыӊ өкіліне осы сенімхаттыӊ мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды түрде куәландырылған аудармасын ұсыну керек.

Қазақстан Республикасыныӊ азаматтығын ауыстырған немесе жоғалтқан депозитор жүгінген жағдайда, шет мемлекеттіӊ төлқұжаты (шетелдік төлқұжат), ал қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарымен берілген азаматтықтыӊ тоқтатылуын растайтын анықтама немесе азаматтығы жоқ тұлғаныӊ куәлігі талап етіледі.

Төлем мерзімдері

Стандартты жағдайда, салымшы жеке өзі жүгініп, барлық құжаттарды ұсынған жағдайда және кепілдікті өтемақы тізілімінде ол туралы ақпарат бар болған кезде, сондай-ақ, даулы сәттер болмаған жағдайда, агент банк қолма-қол ақшаны жүгінген күні кассада беріп немесе ақшаны салымшыныӊ шотына (бүкіл рәсімдер мен тексерулерді ескеріп) аударады.

Құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда немесе агент банкке ұсынылған құжаттарда өтемақыны төлеу туралы шешімді қабылдауға қажетті ақпарат болмаған жағдайда, агент банк мәлімделген талаптардыӊ негіздемесін растайтын қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.

Кез келген жағдайда, заӊнама талаптарына сәйкес төлем мерзімі (құжаттар келіп түскен күннен бастап) 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Төлем тәсілдері

"Астана Банкі" АҚ салымшылары қолма-қол ақшаны агент банктіӊ кассасында немесе өтініште көрсеткен банк шотына аудару арқылы ала алады. Сонымен қатар, "Астана Банкі" АҚ салымшылары агент банктіӊ қазіргі депозиттік бағдарламалары бойынша өтемақы сомасына агент банкте шот аша алады. Агент банктіӊ салымшылар үшін басымдылықты белгілеуге немесе өтемақыны алу тәсілін еркін таӊдауға кедергі келтіруге құқығы жоқ.

Төлем сомасы, төлемді қамтамасыз ету

ҚДКБҚ қаражатынан максималды өтемақы сомасы теӊгедегі депозиттер (салымдарды, ағымдағы шоттарды және төлем карталарын қоса алғанда) бойынша - 10 миллион теӊгені, шетел валютасындағы депозиттер бойынша - 5 миллион теӊгені, бір салымшыныӊ бір мезгілде теӊгемен және шетел валютасында орналастырылған депозиттері болса - 15 миллион теӊгені құрайды (алайда, шетел валютасындағы депозит бойынша 5 миллионнан аспауы тиіс). Өтемақы "Астана Банкі" АҚ-ныӊ әрбір салымшысына "Еуразиялық банк" АҚ агент банктіӊ кез келген филиалында немесе бөлімшесінде өтініш негізінде төленеді.

Барлық төлемдер тек теӊгеде ғана жүргізіледі. Шетел валютасындағы салымдар бойынша өтемақы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заӊды күшіне енген күнгі жағдай бойынша валютаны айырбастаудыӊ нарықтық бағамы бойынша есептеледі. Осылайша, шетел валютасындағы салым бойынша өтемақы сомасы агент банкте ақшаны алудыӊ нақты күніне байланысты болмайды.

Мысалы, "Астана Банкі" АҚ-дағы шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақы сомасын есептеу үшін 2019 жылғы 9 қаӊтардағы валюта айырбастаудыӊ нарықтық бағамы қолданылады. Атап айтқанда, АҚШ долларындағы депозиттер бойынша - 373,66 теӊге, еуродағы - 427,80 теӊге, ресей рубліндегі - 5,57 теӊге.

"Астана Банкі" АҚ-ныӊ әрбір салымшысына кепілдік берілген соманыӊ төленуі банктер салымдары арқылы тұрақты негізде жиналатын ҚДКБҚ-ныӊ арнайы резервінен жүргізіледі. ҚДКБҚ-да таратылатын банктердіӊ салымшыларына өтемақы төлеу үшін қолжетімді болатын 773,7 миллиард теӊге көлеміндегі резервісі бар.

Төлем сомасы бойынша туындайтын сұрақтар

"Астана Банкі" АҚ-ныӊ тарату комиссиясы "Астана Банкі" АҚ -ӊ әрбір салымшысыныӊ алдындағы міндеттемелер тізілімін теӊгеніӊ шетел валютасына қатысты сот шешімі заӊды күшіне енген күнгі нарықтық айырбастау бағамыныӊ өзгеруін, салымдар бойынша сыйақы есептеуді және капиталға айналдыруды, депозиттердегі, оныӊ ішінде шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақшаны өзара есепке алуды, салымшылардыӊ кредиттер, өсімпұлдар, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы және комиссиялар бойынша банк алдындағы ақшалай міндеттемелеріне қатысты салымшыларды, сондай-ақ, банк лицензиясынан айырылғаннан кейін түскен ақшаны салымшылардыӊ шотына есептеуді ескере отырып қалыптастырады.

Кепілдік берілген сомадан асатын депозиттері мен есептелген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар агент банкте өтемақыны алумен қатар, сондай-ақ, даулы мәселелер (салымшылар тізілімініӊ болмауы) бойынша "Астана Банкі" АҚ-ныӊ тарату комиссиясына талап қоюға құқылы.

"Астана Банкі" АҚ-ныӊ тарату комиссиясы барлық кредиторлардыӊ, соныӊ ішінде банк салымшыларыныӊ талаптарын қанағаттандыру үшін барлық шараларды қолданатын болады. Тарату комиссиясына өтініш берген кредиторлардыӊ талаптары қолданыстағы банк заӊнамасымен белгіленген реттілік бойынша банк активтері мен мүлкін сату нәтижелері бойынша өтелетін болады. Тарату өндірісіндегі кредиторлардыӊ талаптарын қанағаттандыру мерзімдері банк активтері мен мүлкініӊ жеткіліктілігі мен сапасына, сондай-ақ, оларды іске асыру нәтижелеріне байланысты болады.

Тарату комиссиясына өтініш беру мерзімі - 2019 жылдыӊ 18 қаӊтар күнінен бастап 2019 жылдыӊ 18 наурыз күніне дейін. Өтініштерді ерікті жазбаша нысанда "Астана Банкі" АҚ-ныӊ тарату комиссиясыныӊ төрайымы Д. М. Зинуллинаныӊ атына жолданып, кредитордыӊ өтінішін қарау нәтижелері туралы тарату комиссиясынан жауап алу үшін онда келесідей ақпарат көрсетіледі:

Жеке тұлға болып табылатын өтініш берушініӊ аты-жөні, ЖСН (жеке басын куәландыратын құжаттыӊ көшірмесі қоса тіркеледі),

o банк шотыныӊ нөмірі (ИИК/IBAN) немесе банк шоты, банк салымы шартыныӊ нөмірі,

o банктіӊ кредитор алдында орындалмаған міндеттемелерініӊ сомасы (негізгі борыш пен сыйақы (тұрақсыздық айыбы мен басқа да айыппұлдық санкциялары, шығындар),

o ақшаны шотқа енгізуге арналған төлем деректемелері,

o пошталық деректемелер (индексі, мекенжайы).

Өтінішке негіздеме мен талап сомасын растайтын құжаттардыӊ (мысалы, банк шоты бойынша үзінді көшірме, банк шотыныӊ, банк салымыныӊ шарты, соттыӊ заӊды күшіне енген шешімдері немесе талап ету құқығын растайтын басқа да құжаттар) көшірмелері қоса тіркеу керек. Тарату комиссиясына ұсынылатын құжаттар көшірмелерініӊ нотариалдық куәландырылуы талап етілмейді.

Банк пен кредитор арасында жасалған шартпен басқа мерзімдер келісілмесе, тарату комиссиясы тарапынан кредиторлардыӊ келіп түскен өтініштерін қараудыӊ максималды мерзімі алу күнінен екі аптаны құрайды.

Өтініштер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жеке түрде берілуі немесе "Астана Банкі" АҚ тарату комиссиясыныӊ филиалдарына жолдануы мүмкін:

o Алматы қаласында: Көктем-2 ықшамауданы, 22, телефоны: +7 (727) 259 60 60,

o Астана қаласында: Б. Момышұлы даӊғылы, 14, 8-ҚҚ, телефоны: +7 (777) 154 88 79,

o Ақтау қаласында: 4 ықшамауданы, 73-ғимарат, телефоны: +7 (7292) 70 10 25 (ішкі нөмір 15012, 15001),

o Ақтөбе қаласында: Сәӊкібай Батыр даӊғылы, 249, телефоны: +7 (7132) 70 47 89, 70 47 62,

o Атырау қаласында: Сәтпаев көшесі, 19, телефоны: +7 (7122) 55 80 21,

o Өскемен қаласында: Орджоникидзе көшесі, 35, телефоны: +7 (7232) 56 09 96,

o Қарағанды қаласында: Степной ықшамауданы 2, 6/1, телефоны: +7 (7212) 55 99 01 (ішкі нөмір: 16003, 16020, 16018),

o Павлодар қаласында: Киров көшесі, 115/1, 33-ші н.п. телефоны: +7 (7182) 70 39 97 (ішкі нөмір: 17031, 17045),

o Шымкент қаласында: Қонаев даӊғылы, 13-үй, телефоны: +7 (7252) 99 71 80.

Тарату комиссиясыныӊ филиалдары жоқ қалаларда, "Астана Банкі" АҚ-ныӊ салымшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ өӊірлік филиалдарындағы қаржылық қызметтерді тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау жөніндегі бөлімдерге өтініштерін, құжаттарын бере алады, тарату комиссиясына құжаттарды беру жөнінде кеӊес алуына болады.

Банк қарыз алушыларыныӊ назарына

"Астана Банкі" АҚ-дағы тарату процесініӊ басталуы қарыз алушылар міндеттемелерініӊ орындалуын тоқтатпайды. "Астана Банкі" АҚ-ныӊ дебиторлық берешегініӊ барлық түрлері бойынша, соныӊ ішінде жеке және заӊды тұлғаларға берілген қарыздар бойынша тұрақсыздық айыбы мен сыйақыныӊ есептелуі уақытша тоқтатылмайды. Барлық қарыз алушылар қарыздарды төлеу кестесіне сәйкес Алматы мен Астана қалаларындағы "Астана Банкі" АҚ-ныӊ тарату комиссиясы филиалдарыныӊ кассаларында немесе "Астана Банкі" АҚ-ныӊ банк шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы өтеуі тиіс. Ақша аударуға арналған деректемелер www.bankastana.kz "Астана Банкі" АҚ веб-сайтында жарияланатын болады. Агент банкте төленетін кепілдік берілген өтем сомасын есептеумен, валютаны айырбастау бағамын, сыйақыны есептеу мен капиталға айналдырумен, таратылатын банк алдындағы кепілдік сомасы мен міндеттемелер сомасын есепке алумен байланысқан сұрақтар туындаған жағдайда, салымшылар "Астана Банкі" АҚ-ныӊ тарату комиссиясына жүгіну керек.

Байланыс деректері

Депозиттер бойынша кепілдік туралы жалпы ақпаратты және "Астана Банкі" АҚ-ныӊ салымшыларына өтем төлеу барысы туралы өзекті ақпаратты Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қорыныӊ www.kdif.kz веб-сайтынан алуға болады. Салымшылар кеӊес алу үшін @kdif_ask, Телеграм-чатқа, Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қорыныӊ call-орталығына 1460 тегін қысқа нөмірі бойынша жүгіне алады немесе ҚДКБҚ-ныӊ www.kdif.kz веб-сайтына сауал қалдыра алады.

Жалпы анықтама

"Астана Банкі" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасыныӊ 2018 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды. 2018 жылдыӊ 26 қараша күні Алматы қаласыныӊ Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен (МАЭС) "Астана Банкі" АҚ мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданды. 2019 жылдыӊ 9 қаӊтар күні Алматы қалалық соты Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыныӊ 2018 жылғы 26 қарашадағы "Астана Банкі" АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешіміне алты заӊды тұлғаныӊ және үш жеке тұлғаныӊ берген шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды. Осылайша, МАЭС-тыӊ 2018 жылғы 26 қарашадағы "Астана Банкі" АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заӊды күшіне енді.

Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қоры - бұл екінші деӊгейдегі банктерсалымшыларыныӊ құқықтары мен заӊды мүдделерін қорғауға арналған 1999 жылы құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық банкініӊ ұйымы. Банкті мәжбүрлеп таратқан жағдайда, ҚДКБҚ жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердіӊ ақшасын қайтару бойынша депозиттерге кепілдік беру жүйесініӊ қатысушы банктерініӊ міндеттемелеріне кепілдік береді. Бүгінгі таӊда депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 26 банк қатысуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны