21.05.2014, 22:44 3033

Астана экономикалық форумы Жаһандық қауіп-қатерге баға береді

Астана экономикалық форумы Жаһандық қауіп-қатерге баға береді

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan today. Екі жыл бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған G-Global диалогы әлемнің түкпір-түкпірінде талқылануда. Астана экономикалық форумының G-Global шарасында қауіп-қатерлердің болу салдары мен оны алдын алу мәселелері талқыланады.

АЭФ аясында тұңғыш рет ағымдағы жылы Global Risk Expo көрмесі ұйымдастырылған, деп ұйымдастырушылар хабарлады. Бұл B2G (Business to Government) жаңа халықаралық пішіні атқарушы билік пен халықаралық және отандық бизнестің ынтымақтастығын ықпалдастыруға бағытталған.

Global Risk Expo негізгі шарасы "One World For Life" конференциясы болды, оны Кертом Уэлдон (АҚШ конгрессмені, 1987-2007 жылдар) мен Ақ үйдің технология бойынша кеңесшісі Томас Селлуччи басқарады. Конференция барысында жаһандық бастамалар мен сын-қатерлерді болдырмау, техногенді қатерлер мен табиғи қауіпті бағалау мәселелері талқыланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны