21.05.2012, 11:37 3287

Астана экономикалық форумында қазақстандық "g-global" идеясы талқыланбақ

Кезекті V Астана экономикалық форумының "Илемдік қаржы жүйесінің болашағы мен даму валютасы" атты сессиясында Елбасының бірегей бастамасы - "G-Global" жаңа коммуникативті алаң таныстырылады.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - Астана экономикалық форумында қазақстандық "g-global" идеясы талқыланбақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кезекті V Астана экономикалық форумының "Илемдік қаржы жүйесінің болашағы мен даму валютасы" атты сессиясында Елбасының бірегей бастамасы - "G-Global" жаңа коммуникативті алаң таныстырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың 15 желтоқсанында ел егемендігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында Елбасы жаңа коммуникациялық алаң құру туралы идея айтқан болатын.

"Жаңа келіссөздер алаңын "G global жобасы" деп атауды ұсынамын. Ол электронды жүйелі Бреттон Вуд іспетті қызмет етпек. Ал қызмет алаңы Астана экономикалық форумы бола алар еді" деп атап өткен Елбасы.

2012 жылдың қаңтарында тек Қазақстанның ғана емес, өзінің және әлем экономикасының дамуына мүдделі барлық ғалымдар, бизнес-қауымдастық өкілдерінің басын қосқан "G - Global - коммуникативті алаң" атты бірегей жобасы басталған.

Бұл - әлемнің 143 елінен 8 мың белсенді пайдаланушының басын біріктірген халықаралық виртуалды жоба. Жоба қаржы дағдарасынан шығудың жолдарын талқылауға арналған. "G-Global" алаңы іске қосылғаннан бері шамамен 2 200 сараптамалық шолу, 170 жоба жарияланып, әртүрлі тақырыптағы 15 мың пікірталас мен дебат өткен.

"Мен Еуразиялық экономиалық клубтың ғалымдары инновациялық технологиялардың артықшылықтарын пайдалана отырып, Астана Экономикалық форумының жұмысына қолдау білдіреді деп сенемін", дейді 1994 жылы экономика саласында Нобель сыйлығының лауреаты атанған Джон Нэш.

G-global жаңа Илемдік Институтының құрылуы және іске қосылуы- шынымен де жаһандық бастама. G-global сұхбат алаңын заманауи байланыс құралдарын пайдалану арқылы іске асыруды ұсынып отыр, ақпарат алудың құрылымдық жүйесі, ұсыныстар және оларды талқылау, жобалар шешімін әзірлеу", - дейді "ECOMEN" экономика және басқару институтыны ректоры, профессор Ханон Барабанер.

Елбасының тапсырмасын орындау аясында 2012 жылдың 22-24 мамырында өтетін V Астана экономикалық форумы аясында "Илемдік қаржы жүйесінің болашағы мен даму валютасы" атты сессия өтеді.

Бұл күндері Pm.kz сайты V Астана экономикалық форумының басты оқиғаларын, негізгі спикерлердің сөздерін, сондай-ақ форумға қатысушы белгілі тұлғалармен болған арнайы сұхбаттарды жариялап отырады. Біздің сайтымыздан жаңалық күтіңіздер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны