21.05.2012, 09:39 3206

Астана экономикалық форумының күн тәртібінде 5 жаһандық мәселе талқыланады

Алдағы V Астана экономикалық форумында әлемнің барлық экономикалық және саяси алаңдарында талқыланып жүрген ең өзекті мәселелер сөз болады. Соның ішінде бес жаһандық мәселе басым бағытқа ие болмақ.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - Астана экономикалық форумының күн тәртібінде 5 жаһандық мәселе талқыланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алдағы V Астана экономикалық форумында әлемнің барлық экономикалық және саяси алаңдарында талқыланып жүрген ең өзекті мәселелер сөз болады. Соның ішінде бес жаһандық мәселе басым бағытқа ие болмақ.

Бірінші. Қаржы нарықтарын реформалау. Қазіргі таңда сарапшылар мен саясаткерлердің назары өндірістік қаржы құралдары мен жалпы қаржы нарықтарын реттеу мәселесіне ауып отыр. Бұл мәселелер соңғы G-8 және G-20 саммиттерінің де басты тақырыбы болған.

Жаңа қаржы архитектурасын құратын мезгіл жетті. Қаржы нарықтарын реттеу мен қадағалаудың Жаһандық жүйесі оның өзегіне айналуы керек. Қазақстан Президенті Н.И.Назарбаев жаңа жаһандық валюта құру қажеттілігін бірнеше рет айтқан. Барынша тұрақты макроэкономика құру үшін бірыңғай ұлттық валюта енгізу қажет.

Екінші. Экологиялық қауіпсіздік. Экономикалық өсімге қол жеткізу үшін экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі көп жағдайда еленбей қалады. Илемге жаңа, экологияға қауіпсіз технология қажет, оларды өзара тез алмасып, қалпына келетін энергия көздерін барынша көп пайдалану керек. Қазақстан Президентінің "Жасыл көпір" атты бастамасы Еуропа, Азия және Тынық мұхит елдерінің арасында экономиканың дәстүрлі үлгісінен "жасыл" дамуға көшу туралы жоспар әзірлеу жөніндегі әріптестікті дамытуға бағытталған. Дамыған елдер өздерінің ең озық "жасыл" технологияларын, ал дамушы елдер - оларды енгізуге қажетті қолайлы тұстарын көрсетуі керек.

Үшінші. Азық-түлік қауіпсіздігі және бағалардың тұрақтылығы. Қаржы нарығындағы жағдай қиындап кеткен кезде халық, ең алдымен, дамушы елдердегі халық азық-түлік бағасының күрт қымбаттап кеткенін сезді. Сарапшылар 2050 жылға қарай әлемдегі халық саны 9-12 миллиард адамға жететінін, дамушы елдердегі халық саны өсетінін айтты. Халықты азық-түлік және сумен қамту жаңа шешімдер мен технологияларды талап етеді. Және де ол шешімдерді бүгіннен бастап іздеу керек.

Төртінші. Кедейлік пен елдер арасындағы теңсіздікті төмендету. Кез келген ел тұрақты және мықты экономикаға қол жеткізу үшін халықтың әлеуетін арттыруы керек. Алайда теңсіздік тек қана ел ішінде ғана емес, елдер арасында да азаюы керек.

Бесінші. Болашаққа қажетті ықпалдастық. Өткен онжылдықтардағы ықпалдастық әртүрлі құрлықтар арасында жүрді. Қазақтан үшін Еуразия ішіндегі әлеуетті пайдаланудан жаңа, зор мүмкіндіктерге жол ашылады. Оның мысалы ретінде Беларусь, Қазақстан және Ресей арасындағы Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті алып қарауға болады.

Аталмыш тақырыптар V Астана экономикалық форумының 40 отырысы мен сессияларында талқыланып, "Үлкен жиырмалық" елдерінің басшылары үшін әлемдік экономиканы сауықтыру және дамыту туралы ұсыныстар әзірленеді. Сонымен қатар, беделді сарапшылардың пікірлері G-8, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Ұйымдастыру комитеттеріне жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 22-24 мамыр күндері елордада "Жаһандық трасформация жағдайында әлемдік экономиканың даму проблемалары мен оның болашағы" тақырыбында V Астана экономикалық форумы өтеді. Форум бағдарламасы бойынша 85 елден келетін 6500 делагаттың қатысуымен әртүрлі 40-тан астам іс-шара өтеді.

Бұл күндері Pm.kz сайты V Астана экономикалық форумының басты оқиғаларын, негізгі спикерлердің сөздерін, сондай-ақ форумға қатысушы белгілі тұлғалармен болған арнайы сұхбаттарды жариялап отырады. Біздің сайтымыздан жаңалық күтіңіздер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны