30.05.2016, 18:10 5418

Астана ЭКСПО-2017" мен "Қазақтелеком" ынтымақтастығы аясында бірыӊғай "Контакт-орталық" ұйымдастыруда

Тәулік бойы операторлар Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарына ЭКСПО-2017 қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша кеӊес беретін болады. Кеӊестер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Тәулік бойы операторлар Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарына ЭКСПО-2017 қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша кеӊес беретін болады. Кеӊестер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Телефон арқылы байланыспен қоса Көрмеге келушілер сауалдары мобильдік қосымшалар, мессенджер мен әлеуметтік желілер, сондай-ақ Көрменіӊ ресми сайты - expo2017astana.com арқылы қабылданады.

Астана ЭКСПО-2017 көпканалды, бірыӊғай "Контакт-орталығын ашу" екі компаниялар арасындағы ынтымақтастық меморандумыныӊ нәтижесінде орын алды.

Құжатқа "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен "Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев қол қойды.

"Қазақтелеком" АҚ байланыс қызметініӊ кеӊ спектрімен қамтамасыз етуде отандық нарықта жетекші рөлге ие. Бүгінгі келісімге қол қоюымыз өзара ынтымақтастықты нығайтып, ЭКСПО-2017 көрмесін жоғарғы деӊгейде өткізілуіне бұдан да зор сенімділік берері анық", - деді өз сөзінде Ахметжан Есімов.

Айта кету керек, көрмені өткізуге 10-нан аса ірі компания тартылып отыр. Олардыӊ қатарында: NCOC, Shell, Эйр Астана, CISCO, Saint-Gobain, "Қазкоммерцбанк" АҚ, "Самрұқ Энерго" АҚ, "Қазпочта" АҚ және т.б. бар. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны