03.02.2016, 19:04 3878

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы А.Есімов Қазақстан Республикасыныӊ шетелдердегі Төтенше және Өкілетті елшілерімен кездесті

Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасыныӊ шетелдердегі Төтенше және Өкілетті елшілерімен кездесті

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасыныӊ шетелдердегі Төтенше және Өкілетті елшілерімен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесуде ҚР Төтенше және Өкілетті елшілері және ҚР Тұрақты өкілдері, еліміздіӊ Бас консулдары мен ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов.

Кездесу барысында Ахметжан Есімов жоба жайлы, көрме кешенініӊ құрылысы жөнінде және халықаралық көрменіӊ мән-мақсаты туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол бүгінгі таӊда 71 мемлекет пен 13 халықаралық ұйымныӊ ЭКСПО-2017 қатысатындығын, әрі көрменіӊ әлемдік деӊгейде ерекше қызығушылық тудырып отырғандығын жеткізді.

"Биылдыӊ қараша айынан бастап біз халықаралық павильондарды қатысушы-мемлекеттерге ішкі құрылыс жұмыстарын мен экспозияларын жасауға беретін боламыз. Халықаралық қатысушы мемлекеттердіӊ контенттік бөлігі оӊай шаруа емес. Оған уақыт керек, еӊ бастысы алдын-ала дайықтыӊтыӊ маӊызы зор. Сондықтан қатысушы-мемлекеттер дер кезінде сәйкесінше бюджеттерінен қаржы қарастырып, павильондарыныӊ концепциясын біз ғимараттарды оларға өткіземін дегенше уақытылы шешуі қажет", - деді өз сөзінде ұлттық компания басшысы А.Есімов.

Сонымен қатар, See Agreement келісімініӊ ратификациялануы талқыланды.

Кездесуге қатысушылар көрмені халықаралық деӊгейде ілгерілетуге, шетелдік компаниялар тарапынан демеушілік пен корпоративтік қатысу шараларына да көӊіл бөлді.

Кездесу соӊында қонақтарға Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесініӊ жобасы таныстырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны