29.05.2017, 16:38 4762

"Астана" Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) мен Nasdaq Inc. технологиялық келісімге қол жеткізді

Бүгін "Астана" Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) мен Nasdaq Inc 2017 жылдыӊ аяғында іске қосылатын жаӊа қазақстандық биржа - АХҚО Қор биржасын бірлесіп дамыту жөніндегі бірлескен келісімге қол қойды.

Астана. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін "Астана" Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) мен Nasdaq Inc 2017 жылдыӊ аяғында іске қосылатын жаӊа қазақстандық биржа - АХҚО Қор биржасын бірлесіп дамыту жөніндегі бірлескен келісімге қол қойды.

Алдымен АХҚО Қор биржасында белгіленген мөлшердегі табысқа ие акциялармен сауда, онан кейінгі кезеӊде активтердіӊ өзге кластарымен сауда жасалынады деп күтілуде.

Жаӊа биржа бойынша келісім аясында берілген ақпараттарды сұрыптайтын Nasdaq Matching Engine жүйесі пайдаланылады. Ресми түрде іске кіріскенге дейін бұл технология тестілеу мен тексеруден өтеді.

Nasdaq Matching Engine - бұл ақпараттарды сұрыптайтын еӊ жиі кездесетін жүйе, бизнес үшін тиімділігі және өндірістік қуаты жоғары.

Nasdaq АХҚО Биржасыныӊ іске кіріскеннен кейінгі кезеӊінде де технологиялық көмек көрсететін болады.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовтіӊ айтуынша ""Nasdaq Matching Engine қаупісіздік және атқаратын қызмет тұрғысынан әлемдегі еӊ мықты сауда алаӊы болып есептелінеді. АХҚО елдегі биржа инфрақұрылымын Nasdaq-пен бірге құруы АХҚО үшін маӊызды".

Nasdaq-тіӊ атқарушы вице-президенті, нарықтық технология бойынша басшысы Ларс Оттерсгардтіӊ атуынша, Nasdaq үшін Қазақстан және онымен байланысты халықаралық нарықтар үшін АХҚО-ныӊ биржалық инфрақұрылым құруында өз әсерін тигізу үлкен мәртебе.

"Nasdaq-тіӊ қаржылық алаӊқайын пайдалану арқылы АХҚО биржасы аса шұғыл дамып жатқан халықаралық нарықтағы өз бәсекеге қабілеттілігін арттыруда операцияларын стандарттап, бірізді жасауға әсер ететін инновациялық технологияларбойынша жұмыс істейді. Біз АХҚО-мен ынтымақтаса жұмыс істеуге және осы жаӊа бағытта көмек беруге әзірміз",-дейді ол.

Сауда, клиринг, құнды қағаздардыӊ орталық депозитариі (CSD) мен нарыққа мониторинг жасайтын және өзге де жүйелерді қамтитын Nasdaq биржалық технологиялары Америка, Еуропа, Азия, Австралия, Африка, Таяу Шығыс пен Кариб бассейні елдеріндегі 90 нарықта қолданылады.

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталық қалыптастыру.

АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

Nasdaq (Nasdaq: NDAQ) - сауда, клиринг, биржалық технология, листинг, ақпарат және акциялары биржаға орналастырылатын компаниялар туралы мәліметтер беру бойынша әлемдегі еӊ белді компания. Мәселеніӊ шешімін әрқилы табуы тұрғысынан Nasdaq өз клиенттеріне бизнесті сенімді түрде жоспарлап, сыналған технологияларды пайдаланып, ғаламдық капитал нарығында ашықтықты қамтамасыз ете алады.

Илемдегі еӊ алғашқы әлектрондық қор нарығыныӊ қалаушысы ретінде Nasdaq 89-дан астам нарықтыӊ 50-ін өз технологияларымен қамти алады, демек, әлемдегі құнды қағаздардыӊ 10 операциясыныӊ 1-уі осы Nasdaq-ке тиесілі. Nasdaq 11 трлн.АҚШ долларына сай нарықтық құны бар 3800 листингті өз алаӊқайында жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны