"Астана" Халықаралық қаржы орталығы мен Mastercard компаниясы "АХҚО резидентініӊ картасын" таныстырды
Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - "Астана" Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) өзініӊ гала-тұсаукесері аясында Mastercard компаниясымен серіктесе отырып "АХҚО резидентініӊ картасын" таныстырды. Аталмыш шешім - ауқымды халықаралық жобаныӊ қатысушылары үшін аса қолайлы әрі атқарымдық аясы кеӊ ортаны құру кезінде инновациялық тәсілдеменіӊ қолданылғаныныӊ айғағы.
Осы жөнінде АХҚО-ныӊ цифрлік технологиялар жөніндегі директоры Исел Жанасова былай деп атап өтті: "Mastercard компаниясы АХҚО-ныӊ басты серіктестерініӊ бірі болып табылады. Біздіӊ ынтымақтастығымыз аясында дайындап шығарылған АХҚО картасыныӊ прототипі АХҚО қатысушыларына ұсынылатын негізгі өнімдердіӊ біріне жатады. Біздіӊ команда "Жұмыс жасауға толығымен дап-дайын компания" деген тұжырымдаманы жасап жатыр, оған сәйкес АҚХО қатысушыларына бүкіл жағдай жасалып, оларға АХҚО-да бизнес жүргізуге арналған қажетті ілеспе құжаттардыӊ барлығы ұсынылады. Біздіӊ ойымызша, АХҚО резидентініӊ картасы осы тұжырымдаманыӊ басты бөлігіне айналмақ".
"Бүгін біз ынтымақтастығымыздыӊ тұӊғыш жемісін - "АХҚО резидентініӊ картасын" назарларыӊызға ұсынып отырмыз. Бұл пилоттық жоба "Астана" Халықаралық қаржы орталығымен қол қойған серіктестік мәміле аясында және де Форте-Банкпен тиімді ынтымақтастық жүргізу арқасында мүмкін болды. Алдымызда осы жобаны іске асыру бойынша маӊызды кезеӊ тұр. Оны жүзеге асыру АХҚО-ны дамытуға жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге, осы тәжірибені бүкіл Қазақстан аумағында ары қарай қолдануға мүмкіндік беретініне сенімдіміз", - деп атап өтті Қазақстандағы, Беларусьтегі және Армениядағы Mastercard басқарушы директоры Нина Виллемс.
"АХҚО резидентініӊ картасы" Mastercard-тыӊ түйіспесіз және M/Chip технологияларымен жабдықталған көп атқарымдық банк картасы болып табылады. Осы заманауи құрал арқылы АХҚО-ға қатысушы компаниялардыӊ қызметкерлері сан алуан қаржылық және бейқаржылық қызметтерге оӊай, ыӊғайлы әрі қауіпсіз жолмен қол жеткізе алады.
Атап айтқанда, сатып алынған заттар мен қызметтердіАХҚО резидентініӊ картасыарқылытөлеп, қолма-қол ақшасыз аударымдарды жасауға мүмкіндік бар, сондай-ақ, картаны мемлекеттік қызметтерді, денсаулық сақтау саласындағы цифрлік сервистерді және ниеттестік бағдарламаларын қолдануға рұқсат беретін кілт ретінде немесе қолжетімдікті бақылау жүйелеріне арналған рұқсатнама ретінде қолдануға болады. Резидент картасын пластик түрінде, сондай-ақ, арнайы мобильдік қосымшада цифрлік форматта шығаруға болады. Еліміздіӊ резиденті болып табылмайтын азаматтар пластик түрінде шығарылған АХҚО резидентініӊ картасын АХҚО-да (бірыӊғай терезе режімінде) және де Қазақстанныӊ шетелдегі консулдықтарында ала алады деп көзделіп отыр.
АХҚО резидентініӊ картасында қолданылған технологиялар көмегімен басқа да жобаларды, мысалы, қалалар мен жекелеген өӊірлердіӊ тұрғындарына арналған әлеуметтік карталарды жүзеге асыруға болады. Осыныӊ арқасында кеӊ жұртшылықтыӊ қаржылық және бейқаржылық өнімдерге қол жеткізу мәселесін, қызметтердіӊ айқындығын арттыру және өмір сапасын көтеру мәселелерін шешуге болады.
Mastercard Қазақстанда 20 жылдан аса уақыттан бері қызмет жүргізіп, ел ішінде қолма-қол ақшасыз экономиканы бірізділікпен дамытып жатыр. Mastercard төлем жүйесі Қазақстан нарығына инновациялық төлем шешімдерін, технологиялық және өнімдік инновацияларды ендіру үшін еӊ ірі банктермен, сауда-саттықпен және қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындармен, басқа да нарық қатысушыларымен ынтымақтаса жұмыс жасайды. Резидент картасы Mastercard және АХҚО арасындағы тығыз ынтымақтастықтыӊ жарқын мысалдарыныӊ бірі болып табылады.
Анықтама
АХҚО
"Астана" Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамасымен құрылды. Елбасы АХҚО-ны құру туралы конституциялық заӊға 2015 жылдыӊ 7 желтоқсанында қол қойды. АХҚО мақсаты - халықаралық деӊгейдегі жетекші қаржылық қызметтер орталығын құру. АХҚО міндеттері - ел экономикасына инвестицияларды тартуға жағдай жасау, қаржылық қызметтер саласына инвестиция құю үшін тартымды ортаны құру, Қазақстан Республикаында бағалы қағаздар нарығын дамыту және оны халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдастыру.www.aifc.kz
Mastercard
MasterCard (NYSE: MA) https://www.mastercard.com/kz/ru/consumer/ - жаһандық төлем индустриясында қызмет жасайтын технологиялық компания. MasterCard 210-нан аса ел мен аумақта тұтынушыларды, қаржылық институттар мен сауда ұйымдарын, үкіметтік және іскерлік құрылымдарды байланыстырып, төлемдерді өӊдеудіӊ әлемдегі еӊ жылдам желісін басқарып отыр. MasterCard өнімдері мен шешімдері зат сатып алу, саяхаттау, бизнес жүргізу және қаржыны басқару секілді күнделікті міндеттерді оӊай, қауіпсіз әрі барынша тиімді түрде шешуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.