07.12.2016, 13:56 3959

"Астана" Халықаралық қаржы орталығыныӊ делегациясы іссапармен Біріккен Араб Имірліктеріне, Катар мемлекетіне және Бахрейн Корольдігіне барды

"Дубай" халықаралық қаржы орталығыныӊ (DIFC), Дубай қаласыныӊ Экономикалық даму департаментініӊ, Дубай қаласыныӊ Туризм және коммерциялық маркетинг департаментініӊ, Ислам экономикасын дамытудыӊ Дубай орталығыныӊ және "Smart Dubai Office" өкілдерімен кездесулер және келіссөздер өткізілді.

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - АХҚО делегациясы 4-6 желтоқсан аралығында халықаралық қаржы орталықтарыныӊ озық тәжірибелерін зерделеу және олармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Біріккен Араб Имірліктеріне, Катар мемлекетіне және Бахрейн Корольдігіне сапар жасады, деп хабарлайды орталықтыӊ баспасөз қызметі.

БАИ-ге сапар барысында Дубай қаласындағы ҚР Елшілігі мен Бас консулдығыныӊ жәрдемдесуімен "Дубай" халықаралық қаржы орталығыныӊ (DIFC) Басқарушысы Исса Казиммен, Дубай қаласыныӊ Экономикалық даму департаментініӊ Бас директоры Сами аль-Камзимен, Дубай қаласыныӊ Туризм және коммерциялық маркетинг департаментініӊ Бас директоры Хиляль Саид аль-Марримен, Ислам экономикасын дамытудыӊ Дубай орталығыныӊ Бас атқарушы директоры Абдулла Мохаммад аль-Ауаармен және "Smart Dubai Office" Бас директоры доктор Айша бин Бишрмен кездесулер және келіссөздер өткізілді.

Бұдан басқа, делегация АХҚО қатысушыларына еӊбек визаларын рәсімдеу барысында "бір терезе" қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді зерделеу үшін DIFC-діӊ Бірыӊғай виза орталығында болды.

Доха қаласына сапар барысында Катар мемлекетіндегі жетекші қаржы институттарымен ҚР Елшілігі ұйымдастырған келіссөздер өтті. Орталық банктіӊ Төрағасы шейх Абдалла бен Саудом Аль Тани, Катар қаржы орталығыныӊ Бас директоры Майкл Райан, Қаржы нарығын реттеушініӊ Бас атқарушы директоры Нассер Ахмад Аль-Шайби, "Masraf al Rayan Group" банктер тобыныӊ Бас атқарушы директоры Адель Мустауфуй және басқалармен кездесулер шеӊберінде АХҚО делегациясы катарлық тарапты ҚР Президенті Н.Назарбаевтыӊ бастамасымен құрылған қаржы орталығыныӊ қалыптасу барысымен таныстырды.

Катардыӊ қаржы және банк ұйымдары өз кезегінде капитал нарығы, исламдық қаржы, активтер мен дәулетті тұлғалардыӊ әл-ауқатын басқару саласында АХҚО қызметіне қатысуға қызығушылық танытты.

АХҚО делегациясы сондай-ақ Катардыӊ Қор биржасында болып, Бас атқарушы директор Рашид бен Али Аль Мансуримен кездесті. "World Innovation Summit for Education" Басқармасыныӊ Төрағасы Ставрос Янноукпен және "Qatar Investment Authority" Катар инвестициялық қорыныӊ Бизнесті дамыту директоры шейх Абдулазиз бен Али Аль Танимен мазмұнды келіссөздер өтті.

Бахрейн мемлекетінде АХҚО делегациясы 20 жылдан бері исламдық банкинг пен қаржы саласы көшбасшыларыныӊ кездесулеріне арналған ірі алаӊ болып саналатын Дүниежүзілік Исламдық Банк конференциясыныӊ (WIBC 2016) жұмысына қатысты.

Аталған іс-шараныӊ аясында Бахрейн Орталық банкініӊ Төрағасы Рашид Аль-Мараджбен, Исламдық қаржы мекемелерініӊ бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі ұйымы (AAOIFI) Бас хатшысыныӊ орынбасары Омар Мустафа Ансаримен, Халықаралық исламдық қаржы нарығыныӊ(IIFM) Бас атқарушы директоры Иджлал Альвимен, Бахрейнніӊ Банк ісі мен қаржы институтыныӊ (BIBF) директоры Ахмед Аль-Шайхпен кездесулер өткізілді. Қол жеткізілген уағдаласушылықтардыӊ қорытындысы бойынша BIBF-пен Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қол қойылған Меморандумныӊ негізінде адам капиталын дамыту саласы және озық тәжірибе мен біліммен алмасу бойынша ынтымақтастық жасау мүмкін болады.

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеӊестік кеӊістікте тұӊғыш рет ағылшын құқығыныӊ қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады.

АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

Бахрейнніӊ Банк ісі мен қаржы институты (BIBF) әлемдік деӊгейдегі білім беру қызметтерін кәсіби ұсынушы болып саналады. BIBF өзініӊ 1981 жылы құрылған сәтінен бастап қаржы және корпоративтік нарыққа арналған 300-ден астам білім беру бағдарламасы бар халықаралық ұйымға айналды, бұл бағдарламалардыӊ ішінде жеке білім алу жолдары, сондай-ақ нарықтыӊ жетекші мамандары оқытатын мамандандырылған бағдарламалар; кәсіби біліктілік пен әлемніӊ жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестікте білім беру бағдарламалары бар.

BIBF жанында Бағалау орталығы мен Зерттеу орталығы жұмыс істейді. Институттыӊ деӊгейі исламдық қаржы саласындағы еӊ үздік білім беру орталығы (Best Global Training Provider for Islamic Finance) ретінде Бахрейннен тыс кеӊ танымал.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны