09.11.2016, 13:48 4037

"Астана" Халықаралық қаржы орталығыныӊ делегациясы Жапонияныӊ қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтыӊ 7-9 қараша аралығында Жапонияға жасаған сапары аясында "Астана" Халықаралық қаржы орталығыныӊ басқарушысы Қ.Келімбетов бастаған делегация Жапонияныӊ қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтыӊ 7-9 қараша аралығында Жапонияға жасаған сапары аясында "Астана" Халықаралық қаржы орталығыныӊ (АХҚО) Басқарушысы Қ.Келімбетов бастаған делегация Жапонияныӊ қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Инвестициялар және даму Министрлігініӊ ұйымдастырған бизнес форумы кезінде АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов ҚР Президенті Н.Назарбаевтыӊ АХҚО құру жөніндегі бастамасымен таныстырды. АХҚО Қазақстанда жүргізіліп жатырған құрылымдық реформларадыӊ бір бөлігі, ол ел экономикасын әртараптандыруға, елдіӊ қаржылық жүйесініӊ дамуына және тұрақты өсіміне бағытталған. Сонымен қатар АХҚО Басқарушысы осы қаржылық орталықтыӊ негізгі бағыттары, салықтық жеӊілдіктері, артықшылықтары туралы да кеӊінен таныстырды.

ҚР Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ және Жапония Премьер-министрі С.Абэніӊ қатысуымен АХҚО мен Жапонияныӊ құнды қағаздар дилерлері Қауымдастығыныӊ арасында Ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

АХҚО делегациясы сонымен қатар, "Mizuho Financial Group, Inc.", "Sumitomo Mitsui Financial Group", "Japan Exchange Group" және "Nomura Asset Management" секілді Жапонияныӊ белді компанияларыныӊ басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Жапон корпорациялары АХҚО жұмысына, дәлірегінде, капитал нарығын дамыту, активтер мен жеке тұлғалардыӊ әл-ауқатын басқару, ислам қаржысы салаларына қызығып отырғандықтарын жеткізді.

Мұнан өзге АХҚО делегациясы"SoftBank Group Corp", "Mistletoe" және "Palo Alto Networks" секілді компаниялармен кездесу кезінде тараптар қаржы технологияларын дамыту, венчурлық қорларды құру мәселелерін талқылады.

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеӊестік кеӊістікте тұӊғыш рет ағылшын құқығыныӊ қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады.

АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

Mizuho Financial Group Inc. - жапондық банктік холдинг, өзініӊ еншілес компаниялары Mizuho Bank (MHBK), Mizuho Trust & Banking (MHTB), Mizuho Securities (MHSC) және т.б компаниялар арқылы 1,625 трлн.АҚШ долларына сай активтерге ие. Ауқымы жөнінен Жапониядағы екінші қаржылық топ, MUFG мен SMFG-ден кейінгі үшінші банктік компания, және нарықтық капитализациясы бойынша әлемдегі тоғызыншы банктік топ.

Sumitomo Mitsui Financial Group - 2002 жылы құрылған Жапониядағы еӊ ірі банктік топ. 1,3 трлн.АҚШ долларына сай активтерге ие. Sumitomo Group құрылымындағы еӊ ірі компания. Fortune Global 500 тізіміне кіреді.

Nomura Asset Management Co., Ltd. - Жапонияныӊ аса белді компанияларыныӊ бірі, Азия-Тынық Мұхиты аймағындағы көшбасшылардыӊ бірі. Өз қарамағындағы активтердіӊ құны 337 млрд. АҚШ доллары.

SoftBank Group Corp. - жапондық телекоммуникациялық медиакорпорациясы, интернет, ұялы телефон жүйесі, маркетинг, қаржы саласына бейімделген. NTT Docomo мен AU-мен бірге Жапонияныӊ алғашқы үштігіне кіреді. SoftBank брэнді аясында елдіӊ телекоммуникациялар нарығындағы 600 компания жұмыс істейді.

Mistletoe- бизнес-білім, стартаптар саласындағы жобаларды жүзеге асыратын инвестициялық компания.

Palo Alto Networks - желілік қауіпсіздік нарығындағы көшбасшы компания, жаӊа дәуірдіӊ желіаралық экрандарын құрумен айналысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны