29.01.2018, 17:27 6228

"Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ өкілдері ДЭФ-2018 аясында Caspian Week конференциясына қатысты

"Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ өкілдері ДЭФ-2018 аясында Caspian Week конференциясына қатысты

Астана. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов Дүниежүзілік экономикалық форумға (ДЭФ) қатысу аясында Caspian Week ("Каспий аптасы") конференциясында сөз сөйледі. Аталған іс-шара сарапшылар мен нарық көшбасшыларыныӊ пікір алмасуына арналған ашық алаӊ болып табылады.

Биыл Caspian Week жиынында қаржылық салада, сауда мен логистикада қолданылатын жаӊа цифрлық технологияларға баса назар аударылды. Сонымен қатар, мемлекеттік ж?не коммерциялық жобаларға жаӊа технологияларды енгізу, қаржылық технологияларды дамыту, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік қолдау мен халықаралық серіктестік бойынша өӊірлік саясат м?селелері талқыланды.

"Қаржылық технологияларды дамыту мен олардыӊ ілгері басуына мүмкіндік беретін экожүйе қалыптастыру АХҚО-ны дамытудыӊ негізгі стратегиялық бағыттарыныӊ бірі. Экожүйе мен иновациядағы негізгі ойыншыларды тартатын орталыққа айналуы тиіс мамандандырылған қаржылық технологиялар хабы өз жұмысын бастады" - деп хабарлады Қайрат Келімбетов.

Қазіргі с?тте АХҚО өз серіктестерімен бірге қаржы технологиялары саласындағы мынадай: қаржылық технологиялар мен электронды коммерцияны дамытуға арналған акселерациялық бағдарлама, қаржылық технологиялар бойынша реттеуші сынақ бөлімі, блокчейн технологияларды дамыту орталығы, сондай-ақ қолма-қол төлемсіз экономиканы дамыту бастамалары сияқты негізгі бағыттар бойынша жұмыс жасап жатқанын айта кеткеніміз жөн.

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеӊестік кеӊістікте тұӊғыш рет ағылшын құқығыныӊ қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады.

АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. www.aifc.kz

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны