25.06.2019, 23:56 8460

Astana Hub іске қосылған 2 жылда IT-стартаптарға тартылған инвестиция көлемі 29 млрд. жуық теңгені құрады

Осымен бірге, өткен жылдың қорытындысы бойынша Astana Hub IT-қоғамдастыққа арналған еліміздегі ең танымал нетворкинг-алаңға айналды. Технопарк базасында 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оған шамамен 20 000 адам қатысты.

Нұр-Сұлтан. 25 маусым. Kazakhstan Today - Ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық экожүйенің дамуы туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі айтып берді.

2018 жылы Astana Hub халықаралық технопаркі ашылған сәттен бері IT-стартаптарға 29 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Astana Hub технопаркіндегі жұмыс көлемінің артуы бағдарламалардың инвестициялық тартымдылығы мен жоғары қызығушылыққа ие екенін дәлелдейді. Бүгінгі күні технопарк 100%-ға толық. 260-тан астам стартап, яғни 1000-нан астам адаминкубация және акселерация бағдарламаларынан өткен. Осымен бірге, өткен жылдың қорытындысы бойынша Astana Hub IT-қоғамдастыққа арналған еліміздегі ең танымал нетворкинг-алаңға айналды. Технопарк базасында 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оған шамамен 20 000 адам қатысты.

Стартаптарды әрі қарай зерттеу және білім беру жағынан қолдау көрсету үшін технопаркте CISCO, IBM, Huawei, Intellisense сияқты компаниялардың 16 R&D-орталығы ашылды. Бұл орталықтарда кеңес беру, техникалық сараптама жүргізу, арнайы жабдықтармен бағдарламалық қамтамасыз етулер қолжетімді. Жаңашыл қызметкерлер үшін тұрақты негізде білім беру іс-шаралары өткізіліп тұрады.Ұйымдастырылған 122 кездесуге 2500-ге жуық тыңдаушы қатысқан.

Инновациялық экожүйені дамыту үшін венчурлік қаржыландыру туралы заң қабылданды, онда венчурлік қорларды мемлекетпен бірлесіп қаржыландыру арқылы қолдау көрсету көзделген.Осы заң аясында "Qazaqangels" бизнес клубы мен "Qazaq Techventures" секілді салаға қолдау көрсету институтын құру мүмкін болды. Жуық арада екі венчурлік қорды іске қосу жоспарда бар. Баса назар аударатын тағы бір сәт-венчурлік инвестицияларды бүгінгі күні "Астана" халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында ресімдеуді және тәуекелдік инвестициялар саласы үшін "алтын" стандарт болып табылатын ағылшын құқығы принциптерімен реттеуді жүзеге асыру мүмкін болып отыр.

Бүгінгі таңда жергілікті биліктің қолдауымен еліміздің аймақтарындада ІТ-хабтар ашылуда.Толыққанды экожүйені дамыту жөнінде одан әрі жағдай жасау үшін Министрлік оларға барынша қажетті әдіснамалық қолдау көрсетуге дайын.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны