08.08.2013, 10:46 4276

"Астана Innovations" елордада жүзеге асырылатын инновациялық жобаларға байқау жариялады

Технологиялық бизнес-инкубатор бағдарламасы инноваторлар мен өнертапқыштардың инновациялық идеяларын бастапқы кезеңде жүзеге асыруға қолдау көрсетуді көздейді. Осылайша мемлекет жаңа старт-ап компаниялардың іске кірісіп, әрі қарай дамуына көмек көрсетеді.

Астана. 8-тамыз. Kazakhstan Today - "Астана Innovations" АҚ Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен индустриалды-инновациялық жобаларды технологиялық бизнес-инкубациялау байқауын жариялап отыр. Жобалар елордада жүзеге асырылады. Бұл жөнінде бүгін байқауға орай өткізілген баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі BNews.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып.

Технологиялық бизнес-инкубатор бағдарламасы инноваторлар мен өнертапқыштардың инновациялық идеяларын бастапқы кезеңде жүзеге асыруға қолдау көрсетуді көздейді. Осылайша мемлекет жаңа старт-ап компаниялардың іске кірісіп, әрі қарай дамуына көмек көрсетеді.

"Өтініштер жыл бойы қабылданып, қарастырылады. Ай сайын жобалар іріктеліп, тәуелсіз сараптамаға жіберіледі. Кейін олар сараптама кеңесінің қарауына түседі. Жобалар зерттелгеннен кейін технологиялық бизнес-инкубация қызметі мен мемлекеттік қолдау көрсету бойынша шешім қабылданады", - деді "Астана Innovations" АҚ бас менеджері Батырбек Дәуітбаев.

Технологиялық бизнес-инкубатор аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін кеңсе ғимараттары, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етумен қоса, бухгалтерлік, құқықтық, экономикалық, ақпараттық, маркетингтік қолдау, жоба менеджері, аудармашы қызметтері және инновациялық компаниялардың табысты дамуына қажетті басқа да жәрдем көрсетіледі.

"Жоба аясында биылғы жылы 20-ға жуық өтініш түсті. Олар медицина, энергетика, ауыл шаруашылығы, IT-технологиялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты жобалар. Инновациялық дамудың маңызды тетіктерінің бірі халықтың инновациялық белсенділігін арттыру болып табылады. Осы мақсатта біз жас новаторларға, өнертапқыштарға байқауларға қатысып, өз идеяларын ұсынып, оны жүзеге асыруға мүмкіндік бар екендігін жеткізгіміз келеді", - деп атап өтті баспасөз мәслихатында "Астана Innovations" АҚ басқарушы директоры Нығмет Есбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны