11.08.2020, 19:48 7771

Astana International Exchange биржасында Қазақстандағы алғашқы жасыл облигацияларды орналастырды

Astana International Exchange биржасында Қазақстандағы алғашқы жасыл облигациялар орналастырылды

Алматы. 11 тамыз. Kazakhstan Today - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры "АҚ БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Astana International Exchange биржасында Қазақстандағы алғашқы жасыл облигацияларды орналастырды.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры "АҚ (бұдан әрі - Қор) Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен (бұдан әрі - БҰҰДБ) бірлесіп, Astana International Exchange (бұдан әрі - AIX) биржасында жасыл облигациялардың алғашқы шығарылымын жүзеге асырды.

Бұл бастама жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін азайту туралы Қор мен БҰҰДБ арасындағы келісім аясында жүзеге асырылуда. Қордың жасыл облигацияларының купондық мөлшерлемесін субсидиялаумен қатар БҰҰДБ "жасыл" жобаларды таңдауда техникалық қолдау көрсетеді.

Жасыл жобаларды іске асыратын микро-, шағын және орта бизнес субъектілерін одан әрі қаржыландыру мақсатында Қормен тартылған қаражат екінші деңгейлі банктерде/микроқаржы ұйымдарында орналастырылады деп жоспарлануда.

"Жасыл" облигациялар шығару және "жасыл" қаржы құралдарын енгізу арқылы "жасыл" экономика саласындағы жобаларды қолдау АХҚО үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. AIX биржасында дебютті "жасыл" облигациялардың шығарылуы, сөзсіз, Қазақстанда жаңа облигациялар нарығын бастайтын маңызды оқиға болып табылады.

Біз "Бәйтерек" холдингіне, "Даму" қорына және БҰҰДБ-ға алғыс айтамыз және бұл бірлескен ынтымақтастықтың бастамасы ғана деп үміттенеміз", - деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Осы жасыл облигациялардың шығарылымы үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы қажетті консультациялық қолдау көрсетті және тәуелсіз пікір (Second Party Opinion) ұсынды, оған сәйкес Қор тартылған қаражатты Жасыл облигациялардың халықаралық қағидаттарына сәйкес пайдаланады және тартылған қаражатты мақсатты пайдалану туралы ақпаратты жариялайды.

"Даму" қоры ұлттық даму институты ретінде "жасыл" қаржыландыру жобаларын іске асыруға қолдау көрсетуге дайын. Дебюттік жасыл облигацияларды сәтті орналастыру ШОБ субъектілері арасындағы жаңартылатын энергия көздері жобаларына инвестицияларды ынталандыруға бағытталған күш-жігерге жаңа серпін береді деп сенеміз", - деді Қор Басқармасының Төрағасы Гаухар Бөрібаева.

"Экологиялық мәселелерді шешумен қатар, "жасыл" экономикаға инвестициялар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, экономиканы әртараптандыруды ынталандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және шағын және орта бизнесті қолдауға мүмкіндік береді.

Біз ұлттық серіктестермен ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және Париж келісімі бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстанның төмен көміртекті дамуға көшуіне ықпал етеміз", - деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.

"Жасыл" облигациялар нарығын дамыту үшін Жасыл қаржы орталығы құрылды, Еуразиялық даму банкі оның бірлескен акционеріне айналды.

АХҚО. Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. "АХҚО туралы" конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты - халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық қызмет көрсету орталығын құру. АХҚО міндеті ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпал ету, қаржылық қызметтер саласына инвестиция тарту үшін тартымды жағдай жасау, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

AIFC Green Finance Centre Ltd Қазақстан мен Орталық Азияда "жасыл" қаржы құралдарын енгізуге, АХҚО-ны "жасыл" қаржы орталығы ретінде жылжытуға, сондай-ақ Қазақстанға жасыл инвестициялар тарту үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес құрылған компания болып табылады. Компания туралы толығырақ ақпарат корпоративтік интернет-ресурста орналастырылған www.gfc.aifc.kz.

"Даму" қоры - кешенді және тиімді қолдау құралдарын енгізу арқылы Қазақстанда микро, шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.04.1997 жылғы № 665 қаулысына сәйкес құрылған мемлекеттік қор. www.damu.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) - кедейлік, теңсіздік және климаттың өзгеруімен туындаған әділетсіздікке қарсы күресте БҰҰ-ның жетекші ұйымы. 170 елдегі сарапшылар мен серіктестердің кең желісімен жұмыс жасай отырып, біз адамдар мен планета үшін интеграцияланған, ұзақ мерзімді шешімдер жасауға көмектесеміз. Біз туралы қосымша ақпаратты undp.org сайтынан біліңіз немесе @UNDP қосылыңыз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны