04.08.2015, 17:36 3971

Астана қаласында 12 млрд теӊгеден астам мүлік заӊдастырылды

2015 жылдыӊ 03 тамызындағы көрсеткіш бойынша Астанада жалпы сомасы 12 332 585 мыӊ теӊгені құрайтын 2663 нысан заӊдастырылды, деп хабарлайды Астана қ. Мемлекеттік кірістер департаментініӊ баспасөз қызметінен

Астана. 4 Тамыз. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 03 тамызындағы көрсеткіш бойынша Астанада жалпы сомасы 12 332 585 мыӊ теӊгені құрайтын 2663 нысан заӊдастырылды, деп хабарлайды Астана қ. Мемлекеттік кірістер департаментініӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР аумағындағы мүлікті заӊдастыру туралы Астана қ. Жергілікті атқарушы органдары жанындағы комиссияға жалпы сомасы 47 511 602 мыӊ теӊгені құрайтын мүлікті заӊдастыру бойынша 2 962 өтініш келіп түскен: 27 421 499 мыӊ теӊгеніӊ 3 781 тұрғын үй нысаны; 19 632 154 мыӊ теӊгеніӊ 4 165 тұрғын емес нысаны, соныӊ ішінде, 13 951 480 мыӊ теӊге сомасындағы 482 коммерциялық нысан; 457 949 мыӊ теӊге сомасындағы 5 заӊды тұлғаға қатысу үлесі.

Астана тұрғындары арасынан шетелдегі мүлкін заӊдастыруға өтініш бергендер әлі жоқ.

Мүлік пен капиталды жариялау науқаны - кірістерді жалпы декларациялау кезеӊі қарсаӊында өткізіліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны