27.09.2018, 18:45 4257

Астана қаласында ДСҰ-ға қосылу жөніндегі дөӊгелек үстелдіӊ жетінші отырысы өтуде

Іс-шараға ДСҰ-ныӊ мүше 40 елдіӊ және бақылаушы елдердіӊ (ТМД, Азия, Шығыс Еуропа және Таяу Шығыс елдерінен) министрлері мен делегацияларыныӊ басшылары шақырылды.

Астана. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today -2018 жылғы 26-27 қыркүйекте Астана қаласында ДСҰ Бас директоры Р. Азеведоныӊ қатысуымен ДСҰ-ға қосылу жөніндегі дөӊгелек үстелдіӊ жетінші отырысы өтуде.

Іс-шараға ДСҰ-ныӊ мүше 40 елдіӊ және бақылаушы елдердіӊ (ТМД, Азия, Шығыс Еуропа және Таяу Шығыс елдерінен) министрлері мен делегацияларыныӊ басшылары шақырылды. Астанада Дөӊгелек үстелді өткізу ДСҰ-ныӊ мүшелігіне ие болмаған елдерге ДСҰ-ға кіруіне қолдау көрсетудегі Қазақстан Республикасыныӊ белсенді рөлі тұрғысынан маӊызды.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 28 қыркүйекте Астана қаласында Даму мақсатында сауда мен инвестицияларды ілгерілету жөніндегі жоғары деӊгейдегі форум: "Еуразиялық көзқарас" тақырыбында өтеді. Астанадағы Форумныӊ мақсаты - инвестицияларға жәрдем көрсету саласындағы ДСҰ-ныӊ жаӊа қағидалары бойынша диалогты ілгерілету: инвестициялық шаралардыӊ ашықтығы мен болжамдылығын арттыру, әкімшілік рәсімдер мен талаптарды жеӊілдету және жеделдету.

Форумды Қазақстан ДСҰ-ныӊ 17 мүшесін қамтитын "Даму мақсатында инвестицияларға жәрдемдесу саласындағы достар" атты ДСҰ тобымен бірлесе ұйымдастырып отыр.

Іс-шараныӊ ашылуы Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтыӊ және ДСҰ-ныӊ Бас директоры Р. Азеведоныӊ қатысуымен өтеді.

Форум ДСҰ-ға мүше елдерді ағымдағы реформалармен және инвестицияларды тартудағы Қазақстанныӊ табысты тәжірибесімен, сондай-ақ біздіӊ еліміздіӊ инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, Астанадағы осы іс-шараларды өткізу Қазақстанға деген жоғары сенімділік, әлемдік қауымдастықтыӊ Қазақстан ДСҰ-ға мүше болған елдер арасында өӊірлік көшбасшы екендігі туралы, сондай-ақ республиканыӊ инвестициялық тартымдылығын көрсету мүмкіндігі туралы куәландырады.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - бұл халықаралық сауда қағидаларын реттейтін халықаралық үкіметаралық ұйым.

Қазақстан 2015 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасыныӊ Парламенті міндеттемелер топтамасын ратификациялағаннан кейін, 2015 жылғы 1 қарашада Ратификациялық грамотаға (Instrument of Acceptance) қол қойғаннан кейін және оны ДСҰ-ныӊ Хатшылығына бергеннен кейін (депозиттеу) ДСҰ-ныӊ толыққанды мүшесі болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны