26.02.2014, 20:43 20488

Астана қаласында Гайдар оқулары өтті

Оқулар барысында пікір-талас қатысушыларымен бірқатар түйінді мәселелер талқыланды, оның ішінде: экономикалық интеграция перспективалары, оның әр қатысушы-ел үшін салдарлары, сондай-ақ КО мен БЭК шеңберіндегі ықтимал проблемалар.

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan today. 2014 жылдың 14 ақпанында Астана қаласында Гайдар оқулары өтті, оқулар барысында Ресей мен Қазақстан сарапшылары интеграция бөлінісінде екі елдің экономикалық даму перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гайдар оқулары Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Гайдар оқуларына қатысуға жетекші ресейлік және қазақстандық сарапшылар тартылған. Осылайша, ресей тарабынан РФ Президентінің жанындағы Ресей ұлттық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясының ректоры В.А.Мау, Ресей экономикалық мектебінің ректоры С.Дянков, Ресей Орталық банкінің бұрынғы төрағасы С.М.Игнатьев, РФ бұрынғы Экономика министрлері Я.М.Уринсон мен А.А.Нечаев және Ресейдің басқа да жетекші экономистері қатысқан.

Қазақстандық тараптан пікір-таластарға ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрлері М.Е.Ибілқасымова мен Т.М.Жақсылықов, ҰСП Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасары Р.С.Ошақбаев, "РАКУРС" Экономикалық талдау орталығының директоры О.А.Жандосов, Қазақ мұнай және газ институтының кеңесшісі Ж.А.Күлекеев және басқа сарапшылар қатысқан.

Оқулар барысында пікір-талас қатысушыларымен бірқатар түйінді мәселелер талқыланды, оның ішінде: экономикалық интеграция перспективалары, оның әр қатысушы-ел үшін салдарлары, сондай-ақ КО мен БЭК шеңберіндегі ықтимал проблемалар. Сонымен қатар, Ресейдің тұңғыш Экономика министрі А.Нечаевтің пікірінше, пікірталасты "интеграциялық процесс шеңберінде елдердің әрқайсысында келеңсіз макроэкономикалық ортаны жеңуге мүмкіндік беретін шешім іздеу қажет" сияқты нақты сұраққа шоғырландыру қажет. А.Нечаевтің пікірінше бүгінгі таңда екі елде де "...макроэкономикалық және жалпы экономикалық проблемалардың артуымен бірге" протекционистік шаралардың күшеюі байқалады. Осыған байланысты екі ел үшін интеграция салдарларын жұмсартатын шараларды әзірлеу мәселесі өзекті болып отыр.

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қою аясындағы интеграция перспективалары туралы С.Дубинин сөз сөйледі. Оның пікірінше, ЕЭО шеңберінде өзара әрекет ету Украинаны қоса алғанда екі-үш елдің шарттарында шарасыз болып табылады. Алайда сарапшының айтуынша, интеграцияға қатысушы елдердің өзара әрекеті кезінде шамадан тыс саяси шиеленісті болдырмау мақсатында оның қандай нысанда өтетінін түсінген жөн.

Интеграция ұлттық жинақтардың және инвестициялардың трансформациясын қамтамасыз ету мақсатында БЭК қатысушы елдерінде экономикалық климатты үйлестіруге бағытталуы тиіс. Осыған байланысты, сарапшының пікірінше, келер келісім шеңберінде қалыпты климат құру бойынша, оның ішінде бизнес орта мен инвестициялық климатты жақсарту бойынша Қазақстанның тәжірибесін пайдалану арқылы шараларды үйлестіру қажет.

Қазақстандық сарапшылардың интеграцияға қатысты пікірі көп жағдайда КО мен БЭК-тің бар проблемаларына, сондай-ақ тараптардың әрқайсысы үшін интеграция салдарларына қатысты болған. Отандық сарапшылардың пікірінше, еліміз экономикалық интеграциядан күтілген нәтиже ала алмады.

Сонымен қатар, Р.С.Ошақбаевтың пікірінше, "...қазақстандық бизнес үшін интеграция аса маңызды болып отыр". Алайда КО мен БЭК шеңберінде қандай кедергілердің бар екенін түсіну қажет. Р.С.Ошақбаев бүгінгі таңда КО мен БЭК шеңберінде нормативтік және құқықтық реттеу бөлігіндегі проблемалардың өткір тұрғанын айтып кетті. КО әрекет ету мерзімі ішінде тиімді экономикалық интеграция үшін кедергі келтіретін нормативтік және құқықтық актілердің шамадан артық көлемі пайда болған. Осылайша, мысалы Еуразиялық экономикалық комиссиямен әзірленген техникалық регламенттер саны ЕО-да бар тиісінше құжаттар санынан 3 есе артық. Осыған байланысты, сарапшының пікірінше, интеграциялық процестерді тереңдету жолында ең алдымен реттеу жүйесінің көлемділігі проблемасын ұлттық деңгейде де, өңірлік деңгейде де шешу қажет.

Қорытындылай келе, Гайдар оқуларының модераторы Б.И.Минц елдеріміздің интеграциясы шарасыз екенін атап өтті. Алайда оның негізгі міндеті экономикалық интеграцияның барлық қатысушылары үшін әділ жағдай құру болып табылатынын ескеру қажет екенін атап кетті. Ресей мен Қазақстан үшін интеграциялық процестердің өзектілігін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ибілқасымова да атап өтті. Өзінің сөзінде вице-министр "...экономикалық интеграция жаһандандырылу талаптары алдында елдеріміздің экономикалық әлеуеті бірігуінің объективті қажеттілігімен негізделген ерекше таңдау болып табылады" деп мәлімдеді.

Жалпы, екі мемлекеттің сарапшылары бар кедергілерді ескере отырып экономикалық интеграция перспективаларын одан әрі талқылау қажеттілігін атап кеткен. Тараптардың пікірінше ағымдағы жағдайды түсіну үшін Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қою қарсаңында интеграциялық процестерді тереңдетудің тиімді стратегиясын құру қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны