24.09.2017, 17:13 4837

Астана қаласында Қызылорда облысыныӊ ауылшаруашылығы өнімдерініӊ жәрмеӊкесі өтуде

Бұл жәрмеӊкеде 270 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдері сатылады.

Астана. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елімізде ағымдағы жылдыӊ маусым мен қыркүйек айлары аралығында "ЭКСПО-2017" мамандандырылған халықаралық көрмесініӊ өткізілуі шеӊберінде өӊірлердіӊ қатысуымен Елордада ауылшаруашылығы жәрмеӊкелерін өткізілу келісіліп, осыған орай бекітілген кестеге сәйкес 23-24 қыркүйек күндері Қызылорда облысы Қарағанды облысымен бірігіп, Астана қаласындағы "Қазақстан" спорт кешенініӊ автотұрағында жәрмеӊке ұйымдастыруда.

Жәрмеӊкеде Астана тұрғындарына Қызылорда облысынан: күріш - 75 тонна, жылқы еті - 7 тонна, сиыр еті -7 тонна, сүт өнімдері - 3,5 тонна, қымыз - 1,25 тонна, шұбат - 1,25 тонна, ара балы 0,2 тонна, балық - 6 тонна, конфет - 0,5 тонна, көкөніс, қияр, қызанақ - 20 тонна, алма, алмұрт, өрік, банан - 6 тонна, картоп - 6 тонна, сәбіз - 3 тонна, қырыққабат -15 тонна, сөк, талқан - 1,5 тонна, ас тұзы - 5 тонна, қауын - 60 тонна, қарбыз - 40 тонна т.б өнімдер ұсынылатын болады.

Бұл жәрмеӊкеде 270 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдері сатылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны