27.10.2015, 10:21 4610

Астана қаласындағы көрмедегі асыл тұқымды ангус аталық бұқалардыӊ аукционы және таныстыру

Қайсар" және "Найза" - еӊ таӊдаулы ангус асыл-тұқымды аталық бұқалар 2015 жылғы 27 қазаннан бастап 29 қазанға дейін Астанада өтетін "KazFarm-2015" Мал шаруашылығы және ет пен сүт өнеркәсібініӊ халықаралық көрмесініӊ шеӊберінде бүгін таныстырылатын болады

Астана. 27 Қазан. Kazakhstan Today - "Қайсар" және "Найза" - еӊ таӊдаулы ангус асыл-тұқымды аталық бұқалар 2015 жылғы 27 қазаннан бастап 29 қазанға дейін Астанада өтетін "KazFarm-2015" Мал шаруашылығы және ет пен сүт өнеркәсібініӊ халықаралық көрмесініӊ шеӊберінде бүгін таныстырылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тұқымныӊ элиталық өкілдері елордаға Қостанай облысы Арқалық қаласыныӊ "Нұр-Жайлау НС" ЖШС әкелінді.

Шаруашылық мамандарыныӊ айтуынша аталық бұқаларды таныстыру кезінде тәуелсіз бағалаушылармен баға беріледі. Бұқаларды сатып алуға мүдделілер үшін таныстырудан кейінгі келесі күні, 28 қазанда малды сату бойынша аукцион ұйымдастыру жоспарланады. Сауда-саттыққа қатысу үшін тіркеуден өту қажет. Іс-шараныӊ "Көрме" көрме орталығында мына мекен-жай бойынша өтетінін еске саламыз: Астана қ., Сол жағалау, Достық көшесі 3 ("Керуен" СҮ жанында)

Іс-шараны ұйымдастырушы "Нұр-Жайлау НС" ЖШС болып табылады. Аукционды қоса ұйымдастырушы "Қазагромаркетинг" АҚ және "Қазақстан Ангусы" республикалық палатасы.

"ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ құрылымындағы компания - "Қазагромаркетинг" АҚ Қазақстанда асыл тұқымды малды сатудыӊ (аукциондардыӊ) қазіргі заманғы құралын насихаттау жөніндегі пионер болып табылатынын атап өту қажет.

2011 жылдан бастап "ҚазАгроныӊ" еншілес ұйымымен Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында 10 аукцион ұйымдастырылды. Барлығы жалпы құны 427 250 000 теӊгеге 696 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатылды.

Қазіргі уақытта аукциондар Солтүстік Қазақстанда да кеӊінен таралды. "Қазагромаркетинг" АҚ сарапшыларыныӊ айтуынша, аукциондар асыл тұқымды төлдерді сатып алудыӊ демократияшыл тәсілі болып табылады, ол сатып әлеуетті алушыларға малдарды көзбе-көз бағалауға және олардыӊ нақты нарық бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 2013 жылдан бастап өтетін қазақы ақ бас және әулиекөл тұқымды ІҚМ сату бойынша "KARASU Farm-2015" аукционы сияқты дәстүрлі жыл сайынғы іс-шаралар да болып тұрады.

"Қазагромаркетинг" АҚ-ныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны