08.04.2009, 17:58 3128

Астана қаласының әкімдігі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі меморандумдарға қол қойды

Астана қаласының әкімдігі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі меморандумдарға қол қойды

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласының әкімдігі бүгін азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қаладағы бірқатар базарлар мен ірі сауда орталықтарымен меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Меморандумдарға сәйкес, базарлар сауда орындарын қолданғаны үшін жалдау құнын өсірмейді, сондай-ақ, азық-түлік тауарларының алғашқы сатып алу бағасына қосатын үстемені 10 пайыздан асырмау және бағаларды күрт өсірмеу жөнінде мәміле жасалды.

Қала әкімінің орынбасары Тимур Жақсылықовтың атап көрсеткеніндей, Астана әкімдігінің азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға қатысты мұндай шаралары ҚР премьер-министрінің арнайы тапсырмасына сәйкес жасалып отыр.

"Кәсіпкерлердің Астанадағы қызметтердің сапасын арттыруға және бағаны тұрақтандыруға қатысты барлық бастамаларын қолдауға әзірміз. Сонымен қатар, алдағы уақытта азық-түлік тауарларын өндіруші және оларды негізгі жеткізушілермен, жанар-жағармай сатушылармен, ИКК-мен осындай меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны