12.02.2014, 18:49 25846

Астана қаласының әкімі күн сайын баға мониторингін жүргізеді

"Бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдап, баға келісімін болдырмау керек. Бұдан басқа, ірі сауда орталықтарында есептеуді шетелдік валютамен байланыстыруға және жалға алу ақысын көтеруге жол бермеу керек. Жергілікті тауар өндірушілердің өз өнімдерінің бағасын жасанды түрде өсіруіне жол бермеу бойынша жеке жұмыстар жүргізіп, қаланың азық-түліктік қорын уақытылы толтыруға бағытталған шаралар қабылдансын",- деді қала басшысы.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ұлттық валюта - теңгенің девальвациясына байланысты бағаларды тұрақтандыру мәселелері бойынша жиын өткізді.

Қалалық әкімдікте хабарлағандай, жиын барысында ұлттық валютаның девальвациясымен байланысты мәселелер талқыланып, ұлттық валютаның құнсыздануының жағымсыз салдарына жол бермеуге бағытталған іс-қимылдардың бірлескен жоспары әзірленді.

Бүгін И.Тасмағамбетов Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсайын Нагаспаевқа Ауыл шаруашылығы және Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармаларымен бірлесіп негізгі азық-түліктердің бағаларына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.

"Бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдап, баға келісімін болдырмау керек. Бұдан басқа, ірі сауда орталықтарында есептеуді шетелдік валютамен байланыстыруға және жалға алу ақысын көтеруге жол бермеу керек. Жергілікті тауар өндірушілердің өз өнімдерінің бағасын жасанды түрде өсіруіне жол бермеу бойынша жеке жұмыстар жүргізіп, қаланың азық-түліктік қорын уақытылы толтыруға бағытталған шаралар қабылдансын",- деді қала басшысы.

Сонымен қатар, азық-түліктік белдеу аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жабдықтаушылармен жұмыс жандандырылады.

Елорда әкімі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына апта соңына дейін автопарктер мен таксопарктердің өкілдерімен көрсетілетін қызметтердің бағаларын қалыптасқан деңгейде ұстау қажеттілігі бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Халықтың әлеуметтік осал топтары да назардан тыс қалған жоқ. Икім тиісті басқармаларға осы топқа жататын адамдар үшін дәрі-дәрмектердің бағасының өсуіне жол бермеуді, сондай-ақ, жұмыс орындарының қысқартылуын және еңбекақы төлеу бойынша еңбек заңнамасын негізсіз бұзу жағдайларына апта сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.

Алақол кәсіпкерлердің үнемдеу мақсатында сапасыз өнімдерді пайдалану фактілерін болдырмау үшін қоғамдық тамақтану желісінде, сондай-ақ, ауруханаларда, мектептерде, балабақшалар мен ЖОО-ларда пайдаланылатын азық-түліктердің сапасы бақылауға алынды.

Тасмағамбетовтың айтуынша, қалада тарифтерді, әсіресе жанар-жағармай бағасын ұстап тұру бойынша шаралар қабылдау қажет.

"Мұны назардан тыс қалдырмау керек, әсіресе, жанар-жағармай бағасын ұстау бойынша шаралар қабылдануы тиіс. Мұнымен қоса, тұрғын үй қорына қызмет көрсетумен байланысты қызметтер - бұл мәселе назарға алынды. Осыған байланысты, Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдеріне Тұрғын үй инспекциясы басқармасымен бірлесіп тариф қалыптастыру мәселесін қатаң бақылауға алуды, ПИК тарапынан қызметтерге тарифтерді көтеру бойынша іс-әрекеттердің жолын қиюды тапсырамын",- деді И. Тасмағамбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны