18.03.2008, 18:05 3167

Астана үш жылдық бюджет қаржыландыруына көшеді

Астана үш жылдық бюджет қаржыландыруына көшеді

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қала ведомстволары мен қызмет жетекшілерінің қатысуымен өткен кезекті алқа жиынында қала әкімі Асқар Мәмин бір аптаның ішінде алдағы үш жылға арналған қала бюджетін нақты анықтап белгілеуді тапсырды. Бұл туралы агенттік тілшісіне қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Астананың 2009-2011 жылдарға арналған қала бюджетінің алдын-ала жоспары жасалып, 51 басымдығы бар негізгі аудан белгіленді. Онда Тілендиев даңғылы бойында әлеуметтік-мәдени нысандар, 23 мектеп, денсаулық сақтау ғимараттары, логистикалық орталық, индустриалды көлік паркі, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтылатын арзан жеке баспана салу көзделуде ", -деп хабарлады баспасөз қызметі.

А. Мәмин атап өткеніндей, 26 наурызда ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін отырыста қала бюджетінің жоспары қаралады.

Алқа жиынында айтылғанындай, Астананың кезекті мәслихаты сессиясында 2008 жылы қала бюджетінде белгіленген 5 млрд теңгеден аса қаржыға байланысты сауал көтерілді.

Бұл қаржы қала аудандарындағы "Өндіріс", "Промышленный" және "Кирпичный" орман зауыттарының санитарлық-дәрігерлік амбулаторияларын кеңейтуге бағытталады". Сонымен қатар, олар қалалық көліктер мен құрылысты қаржыландыруға жұмсалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны