13.01.2014, 19:47 3201

Астанада 2013 жылдың IV тоқсанында құрылыс пен сауда саласында жаңа кәсіпорындар саны көбейді

Астана қаласында 2013 жылдың IV тоқсанында жаңа заңды тұлғалар 3,6% артық тіркелді. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлады.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. Астана қаласында 2013 жылдың IV тоқсанында жаңа заңды тұлғалар 3,6% артық тіркелді. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлады.

"2013 жылдың IV тоқсанында бастапқы тіркеуден өткен заңды тұлғалардың саны 1521 бірлікті құрайды, олар негізінен Алматы (50,6%) және Сарыарқа (31,8%) аудандарында шоғырланған. Есіл ауданының үлес салмағы 17,6%",- делінген хабарламада.

Тіркеу барысында кәсіпорындар жоспарлаған қызметкерлер санына сәйкес, барлық жаңа құрылған заңды тұлғалардың 1505 шағын, 15 орта, біреуі ірі кәсіпорын ретінде тіркелген. Үстіміздегі жылдың IV тоқсанында тіркелген шағын кәсіпорындар саны өткен жылдың сәйкес кезеңінде тіркелген шағын кәсіпорындармен салыстырғанда, 33,2%, дәл сол кезеңде тіркелген орта кәсіпорындардың 10 бірлікке, сондай-ақ, тіркелген ірі кәсіпорындардың саны 1 бірлікке артқаны байқалды.

"Жаңа кәсіпорындардың басым бөлігі құрылыс және сауда салаларында шоғырланған, әрбір саладағы олардың үлесі 24%. Өзге де қызметтерге 13%; ғылым және техникалық қызметтерге 7% тиесілі. Икімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет; ақпарат пен байланыс, өнеркәсіп орташа есеппен 5% алып отыр",- деп хабарлады Статистика департаментінен.

Сонымен қатар, Білім және денсаулық сақтау; жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар; көлік және қоймалау 3% құрайды. Қаржы және сақтандыру қызметіне; тұру және тамақтануға; өнерге; ойын-сауық және демалысқа; қоғамдық ұйымдар және қорларға орташа есеппен 2% тиесілі.

Жаңа заңды тұлғалардың 95,4% жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (одан әрі - ЖШС) болып тіркелген. ЖШС-нің жыл басындағы жалпы санымен салыстырғанда олардың үлесі 8 пайыздық тармаққа артқан. Сонымен қатар, ағымдағы кезеңде тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың 2,1% қоғамдық бірлестіктер мен қорлар; 1,3% тұтыну кооперативтері; 0,7% заңды тұлғалар бірлестігі; 0,3% мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар; 0,2% акционерлік қоғамдар құрайды.

2013 жылдың IV тоқсанында тіркелген заңды тұлғалар басшыларының арасында ерлердің үлесі 68,2%, әйелдер 31,8% құрады. Жыл басында заңды тұлғалар басшыларының жалпы санында ерлердің үлесі 73,9%, әйелдер 26,1% болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны