24.02.2014, 19:24 15362

Астанада 2020 жылға қарай мектепке дейінгі 100 мекеме салынады

Кездесу барысында Астана әкімі құрылыс саласындағы жұмыстың қорытындылары туралы баяндады. Атап айтқанда, 2013 жылы бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, И.Тасмағамбетов биыл қалада үш ауысыммен оқытуды жою жоспарланып отырғанын, ал 2020 жылға қарай мектепке дейінгі 100 мекеме салынатынын айтты.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.

И.Тасмағамбетов елорданың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен таяу кезеңдегі перспективалары туралы хабардар етті.

Мемлекет басшысы Астана экономикасында өнеркәсіп көлемінің өсімі байқалатынын және салынған қаражат қазірдің өзінде елорданың бюджетіне қайтарылып жатқанын атап өтті. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындары мен қонақтары үшін оның қолайлығы мен жайлылығын арттыруға бағытталған қаланы дамыту жобаларының одан әрі іске асырылуына назар аударды.

Кездесу барысында Астана әкімі құрылыс саласындағы жұмыстың қорытындылары туралы баяндады. Атап айтқанда, 2013 жылы бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, И.Тасмағамбетов биыл қалада үш ауысыммен оқытуды жою жоспарланып отырғанын, ал 2020 жылға қарай мектепке дейінгі 100 мекеме салынатынын айтты. Сондай-ақ, өткен жылы 78 мыңға жуық адам елордаға түпкілікті қоныстану үшін көшіп келгені атап өтілді.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны