12.02.2014, 18:36 3087

Астанада 21-23 мамыр аралығында "Бәсекелестік жаһандану жағдайында" Халықаралық конференциясы өтеді

VII Астана экономикалық форум аясында шеңберінде 2014 жылғы 21-23 мамыр аралығында "Бәсекелестік жаһандандыру жағдайында" тақырыбында халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отыр.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan today. VII Астана экономикалық форум аясында шеңберінде 2014 жылғы 21-23 мамыр аралығында "Бәсекелестік жаһандандыру жағдайында" тақырыбында халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отыр.

"АЭФ шеңберінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі өткізген "Адал бәсекелестік призмасы арқылы экономиканы дамыту және қайта құру" тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жетістігі халықаралық қатынастарды дамытуға, оның ішінде монополияға қарсы органның жұмысын жетілдіру мақсатында үлкен түрткі болды", - деп Бәсекелестікті қорғау агенттігінде хабарлады.

Иртүрлі халықаралық бастамалармен қатар Түркияның, Австрияның, Румынияның монополияға қарсы органдарымен өзара іс-қимыл туралы меморандумдарға қол қойылды.

Сондай-ақ, осы іс-шарада Қазақстан Республикасының ғана емес, әлемдік қауымдастықтың бизнес ортасын толғандыратын ғаламдық проблемалық мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, іс-шараның қорытындысы бойынша бәсекелестік саясат саласындағы жетекші сарапшылардың тиісті ұсынымдарын әзірлеу жоспарланып отыр.

Осыған дейінгі форумға 136 елден 12 мың делегат қатысқан болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны