22.12.2016, 17:44 3691

Астанада 2-ші Жылу электр орталығыныӊ агрегаттары іске қосылды

Биыл Астанада 4 млн. ш.м. тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар энергонысандар пайдалануға берілді,- деп хабарлайды Астана әкімініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Биыл Астанада 4 млн. ш.м. тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар энергонысандар пайдалануға берілді,- деп хабарлайды Астана әкімініӊ баспасөз қызметі.

Т?уелсіздіктіӊ 25 жылдығын атап өткен биылғы жылы елордалық энергетиктердіӊ бірқатар маӊызды жобаларды жүзеге асыруыныӊ н?тижесінде Астанада жылу қуаты 220 Гкал/сағ.-қа өсті. Энергия көздері бойынша жалпы өсім осы жылы 400 Гкал-ды құрады. Бұл 4 млн. ш.м. тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл туралы бүгін Астана қаласыныӊ ?кімі ?сет Исекешев ЖЭО-2 қазан агрегаттарын салтанатты түрде іске қосу кезінде м?лімдеді.

"Астанада ұзындығы 24,8 шақырым болатын 4 қосылым жылу магистралініӊ құрылысы аяқталды. Ол "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған нысандармен қатар "Мыӊжылдық" аллеясы, жаӊа темір жол вокзалы және қаланыӊ оӊтүстік-шығыс аудандарын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді", - деп атап өтті әкім.

Оныӊ айтуынша,бұған қоса жаӊа энергия көзі ЖЭО-3, ұзындығы 15,4 шақырым болатын жылу магистралініӊ 5 қосылымы (ЖЭО-3-тен қаланыӊ сол жағалауына дейін) құрылыстары, сонымен қатар аталған жылу желілерініӊ өткізу қабілетін арттыратын 10 жылу магистралін қайта құру жұмыстары жалғасуда.

"Жаӊажол", "Керамика" аралық станцияларын, барлығы 70 таратқыш бекет пен трансформаторлық аралық станцияларды қайта құру жұмыстары, жаӊа "Бәйтерек", "Тұран", "Самал" аралық станцияларыныӊ құрылыстары аяқталуға жақын.

Аталған жобаларды жүзеге асыру "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі нысандарын, жаӊа темір жол вокзалы, "Кәсіпқор" әлемдік деӊгейдегі колледжі, Интернациональный кенті, "Зеленый квартал" ТК, ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлер мен елорданыӊ басқа да нысандарын электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны