18.06.2014, 21:22 3720

Астанада 5 жыл ішінде бюджетке түсім 2 есеге артты

Бүгінде республика халқының 4% тұратын Астанада ішкі жалпы өнімнің 9,4 % өндірілсе, мемлекеттік бюджет түсімінің 12%, еліміздің негізгі капиталына инвестицияның 9% қамтамасыз етеді.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Астанада соңғы 5 жыл ішінде бюджетке түсім 2 есеге артты.

Бұған қоса, мемлекеттік бюджетке түсімдер жылына орта есеппен 20%-ға тұрақты түрде ұлғайып келеді. Бес жылда түсімдер 2 есеге артты және 2013 жылы 610 млрд. теңгеден астамды құрады.

Келер жылдан бастап республикалық бюджетке 7,5 млрд. теңге, 2016 жылы - 17,3 млрд. теңге көлемінде қаржы алынады. Яғни, Астана республикалық бюджет "донорларының" төртеуінің құрамына енеді.

Бүгінде республика халқының 4% тұратын Астанада ішкі жалпы өнімнің 9,4 % өндірілсе, мемлекеттік бюджет түсімінің 12%, еліміздің негізгі капиталына инвестицияның 9% қамтамасыз етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны