25.01.2008, 15:38 2355

Астанада А класты ірі көлік-логистикалық орталығы салынады

Астанада А класты ірі көлік-логистикалық орталығы салынады

Астана. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада А класты ірі көлік-логистикалық орталығы салынады. Бұл туралы "Қазақстан даму банкі" АҚ-ның басқарушы директоры Ғали Есқалиев бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ғ.Есқалиевтің айтуынша, "Қазақстан даму банкі" АҚ Астана мен Алматыда халықаралық деңгейдегі қазіргі заманғы ірі көлік-логистикалық орталықтарын салу жобасын қаржыландыра бастады.

Жобаның жалпы құны $123 млн, оның $96 млн - банк несиелері.

"Бүгінгі жағдаймен жобаны қаржыландыру транспорттық логистикалық кластер құру аясында Қазақстанда қолға алынған ең ауқымды іс болмақ, деді Ғ. Есқалиев. "Мұндай деңгейдегі орталық инфрақұрылымдық нысанға жатады, ол транзиттік, транспорттық және логистикалық шығындарды азайтуға септігін тигізіп, Қазақстан өнеркәсібінің басқа да салаларын дамытуға ықпал етеді", - деді ол.

Қазіргі жағдаймен тек Алматыда ғана көлік-логистикалық орталық жұмыс істеуде. Астанадағы орталықта аумағы 30 гектарлық жүк контейнерлері терминалы мен аумағы 70 мың шаршы метрлік "А" класты қойма кешені болмақ. Жоба жүзеге асырылған сәттен бастап 18 айға есептелген. "Астана Контракт" президенті Владимир Лоскоттың айтуынша, құрылыс жұмыстары осы жылғы көктемде басталады.

"Paragon Development" бас директоры Сергей Кушеновтың хабарлауынша, жоба табысты жүзеге асырылған жағдайда Астанадан Қазақстанның батыс өңірлеріне, сондай-ақ, "Қорғас" және "Достық" шекаралық аудандарына шығу мүмкіндігі туындайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны