31.03.2014, 19:52 10792

Астанада АДБ-ның 47 отырысы аясында Қазақстанның инвестициялық ахуалы талқыланады

Ағымдағы жылдың 2-5 мамыр аралығында Астана қаласында "Жаңа Жібек Жолы - ауысыпалы әлемдегі Азия мен Еуропаны жалғаушысы" тақырыбында Азия Даму Банкінің жыл сайынғы 47-ші отырысы өтеді.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan today. "Invest in Kazakhstan" Орталық азия аймақтары және Еуропаның бизнесмендері мен саясаттанушыларына диалог алаңы болады.

"Invest in Kazakhstan" конференциясына экономистер, сарапшылар мен даму институттарының басшылары, банктер, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық-инвестор компаниялардың басшылары қатысады деп күтілуде, деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Форумның қорытындысы бойынша шетелдік әріптестер арасында инвестициялық келісімшрттар мен меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Айта кетейік, тікелей қарыз және техникалық жәрдем беру жолдары арқылы Азия мен Қиыр Шығыстың экономикасының өсуін ынталандару мақсатында 1996 жылы АДБ құрылды. АДБ Қазақстанмен қарым қатынасын 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері бастап, орталықтандырылған жоспарлаудан нарықтық экономикаға өтуде қолдау көрсетіп келді. 1994 жылы АДБ құрамына кіргеннен бері Қазақстан ауылшаруашылығы, білім, қаржы, көлік, су және т.б. секторларға 3,2 млрд. АҚШ долларынан көлемінде суверенді және суверенді емес несиелер алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны