03.07.2012, 14:28 3543

Астанада аффинажды зауыттың құрылысы басталды

Қазақстан Президенті Астанадағы жаңа аффинажды зауыттың құрылысын іске қосты.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Астанада аффинажды зауыттың құрылысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Президенті Астанадағы жаңа аффинажды зауыттың құрылысын іске қосты.

Жаңа аффинажды зауытты қолданысқа бергеннен соң алтын құрамды шикізаттың барлығы Қазақстан аумағында өңделетін болады.

"Біз осы зауыттың құрылысын бастағалы тұрғанымызға қуанып тұрмын, оны жасырмаймын. Қазақстан -100-ден аса алтын өлкесі бар мемлекет. Егер осы уақытқа дейін қолымыз жетпесе, ол алтын қосылған құнын ала алмай түрлі бағыттарға түрлі адамдармен кетіп жатыр. Осы зауыттың құрылысы, аффинажды кәсіпорынның іске қосылуы Қазақстанда өндірілетін барлық кен және алтын мен күміс шикізаттарын біздің зауыт арқылы өткізуге мүмкіндік береді. Ең бастысы - орнатылатын жаңа құрылғы 4 тоғыздық таза алтынды сапалы өндіре алуы. Бұл енді қолданушылардың алдында тұрған міндет", -деді Президент телекөпір барысында жобаны іске кезінде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Индустриялық форум өз жұмысын бастады. Индустриялық форум аясында еліміздің аймақтарымен жалпыұлттық телекөпір форматында жұмыс мәжілісі өтеді. Соның аясында ҚР үкіметі ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысы бойынша, сондай-ақ 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында есеп беретін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны